№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Еңбегін елге арнаған әскери тұлға

Еңбегін елге арнаған әскери тұлға


Жаңақорған топырағынан небір айтулы азаматтар өмірге келіп, елі үшін еңбектенген ерлердің есімі сарғайған тарих парақтарына алтын әріппен жазылары ақиқат. Осындай өз ісінің білгірі атанған қайраткерлердің атқарған қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек. Міне, осындай туған жердің сүйікті перзенті ретінде көпшілік алғысына бөленген жанның бірі – Сатыпалды Ділманұлы.
Қыраш ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген қаршадай бала кішкентайынан айбыны асқақ әскери адам болуды арман тұтты. Орта мектепті тамамдағаннан кейін 1966 жылы Кеңес Одағының Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, үш жыл бойы Өзбекстан Республикасының Қаршы қаласында орналасқан әскери бөліміне радиотелеграфист, радиостанция бастығы және байланысты біріктіру кезекшісі болып әскери қызмет атқарды. 1969 жылы Ресейдің Курган қаласындағы жоғары әскери-саяси авиациялық училищесіне түсіп, оны үздік бітіргеннен кейін 1973-1986 жылдар аралығында әскери бөлімше және бөлім бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 1986-1991 жылдары Қырғыз Республикасының астанасы Фрунзе қаласында №15590 әскери бөлімшесінде әлеуметтік-экономикалық пәні бойынша оқытушы болып, 1991-1992 жылдары осы оқу орнының курсанттардың бастығының әскери-саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары және де сол жылдар аралығында Семей облысы әскери комиссариятының жеке құрамының мемлекеттік ұйымдармен қоғамдық бірлестіктер бөлімінің бастығының аға көмекшісі болды. Ал, 1992-2000 жылы Алматы зооветринарлық институтының әскери кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетінің әскери кафедрасының цикл бастығы ретінде қызмет етті. 2000-2003 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің әскери кафедрасының бастығының орынбасары болып, 2003 жылдың қараша айының Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Полковник Сатыпалды Ділманов адал қызметінің арқасында, лауазымды бастықтардың рұқсатымен басқа да жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіншілік жасалынып, 1984 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1986 жылы Алматы жоғары партия мектебін үздік бітіріп шықты. Ол Қазақстан тарихындағы «ақтаңдақтарды» зерттеуге алғашқылардың бірі болып еңбек жазды. Республика аумағында еңбекпен түзеу жұмыстар лагерінің тарихыменде олардың жұмыстары барысын жан-жақты зерттеді. Сатыпалды Ділманұлының қазіргі кезеңде Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасында және еліміздің көптеген ғылыми басылымдарында 70-тен аса ғылыми еңбегі жарық көрді. Солардың ішінде маңызды басылымдары Қазақстан аумағындағы ОГПУ-НКВД-МВД СССР-дің еңбекпен түзеу лагері (ХХ ғасырдың 30-50 жылдары) және «Қазақстан жастарын Отан қорғауға дайындау» монографиялары. Сонымен қатар «Қазақстан тарихының көне заманнан бері ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі» және «Қазақстан тарихының 20-жылдарынан қазіргі таңдарына дейінгі» оқу құралдары жарық көрді. Полковник С.Ділманов 2005 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтымен бірігіп құрылған диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде Отанымыздың әскери тарихын жан-жақты зерттеуін одан әрі жалғастырды. Әскери ғылымға қосқан зор үлесі үшін 2005 жылдың 17 желтоқсанында Ресей Федерациясының әскери ғылым Академиясы мүшелерінің жалпы жиналысында «академик» ғылыми атағы берілді. Одан кейін Ұлттық Қорғаныс университеті бастығының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымының докторы, Сатыпалды Ділманұлының профессор жоғары ғылыми атағын алды. Ресей Федерациясы әскери ғылым Академиясының академигі, Свечин атындағы сыйлықтың және «Құрмет» орденінің, Кеңес одағының бірнеше орден медалымен марапатталған.
Саналы ғұмырын әскери саланың дамуына арнаған отставкадағы полковник бүгінде Отанымыздың тарихын зерттеудегі және еліміздің қорғанысын әрі қарай нығайюына үлкен үлес қосып, әскери бағыттағы ғылыми жұмыстарын дайындау үстінде. Өскелең ұрпаққа Сатыпалды Ділманұлының ғибратты ғұмыры өнеге болары анық. Өйткені, аядай ғана ауылдан шығып, Қазақстан мен көршілес елдердің қорғаныс саласындағы қызметіне араласып, абройлы еңбек етті.

Сәруар БИМБЕТОВ.
27 ақпан 2018 ж. 1 861 0