№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тарихи оқиға Тәуелсіздік күні

Тарихи оқиға Тәуелсіздік күні


Одақтың соңғы демі үзілерге дейін жалтақтық та көрсеттік, саяси ұстамдылық та жасадық деймін. Әйтпесе Тәуелсіздік туралы заң жобасын ұзақ уақыт жазған жоқпыз. Өйткені өзге егемендігін жариялаған елдердің заңдарымен салыстырып қараудың көп жәрдемі тиді.

  Негізінде біз 1991 жылдың шілде айында заң ғылымының кандидаттары Еркеш Нұрпейісов, Талғат Донақов үшеуіміз «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң жобасын дайындап, оны Жоғарғы Кеңестің Төралқасына ұсынған болатынбыз.
  Осы жоба онда желтоқсан айына дейін жатты.Тек 9 желтоқсан күні осы заң жобасын қабылдау жөнінде Төралқа мәжілісінде ұсыныс жасап, мен баяндамашы болып белгілендім.
  Сонымен заң жобасын талқылау 15 желтоқсанда басталды. Ол оңайға соққан жоқ. Есіңізде болса, 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия елдерінің басшылары Беловежье қорығында бас қосып, іс жүзінде Одақты таратқан болатын. Соны біле, ести тұрып, мәжілісте он екі депутаттың Тәуелсіздік туралы заңды қабылдауға қарсы шыққаны бар.
  Мен осы күнге дейін осы адамдардың кімге, неге қарсы болғанын түсінбеймін. Бір Сухов деген депутаттың: «Бұл заңды қабылдасақ, біз бөтен мемлекетте қалып қоямыз»,-дегені бар. Амал жоқ, қаттырақ айтуға тура келді. Үзілісте ол өз ағаттығын мойындап, менен кешірім де сұрады.
  Ал енді бәзбір депутаттардың: «Біз онсыз да тәуелсіз мемлекет болдық қой, ендеше бұл заңды қабылдаудың не қажеті бар»,-деп кергігендері де бар. Оларға былай дедім: «Бізге бұл заңды қабылдау өте-мөте қажет. Өйткені біз дүние жүзіне қай күннен бастап тәуелсіз мемлекет болғанымызды айтып, барлық мемлекетпен қарым-қатынас орнататынымызды жариялауымыз қажет. Осы үшін керек».
  Сонымен 16 желтоқсан күні кешкі сағат 6-дан 14 минут өткенде еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заңды қабылдадық. Мәңгілік ұмытылмас тарихи оқиға еді бұл. Орнымыздан тік тұрып, ұрандасып жаттық...
  Сұлтан САРТАЕВ.
12 қаңтар 2018 ж. 1 342 0