№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕГІНДІ ЫСЫРАПСЫЗ ЖИНАУ – МӘРЕ

ЕГІНДІ ЫСЫРАПСЫЗ ЖИНАУ – МӘРЕ


Күз келгелі ел етек-жеңін жинап, дала жұмыстары демін басып, табысты таразалайтын шаққа таяды. Әрине, «береке – бірлігі бар елдің базары, еңбекке деген назары» десек, Дала академигі Ыбырайдың «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана. Ысырапсыз жинап алу – мәре» деген қанатты сөзі жадымызда жаңғырып тұрады. Сондықтан, дала еңбеккерлірінің күзгі жұмыстарымен танысу үшін Түгіскенді бетке алдық. Жақында «Алтын күз-2018» салтанатты шарасы өткенде Әбдіғаппар Жүсіпов есімді диқанмен танысқан едік.
Социалистік Еңбек Ері Арапбек Абиевпен күріштің тыныс-тіршілігі жайлы сөйлесіп тұрған сәтін көріп, диқаншылық өнерді әбден меңгергенін аңғардық. Сосын Әбекеңді әңгімеге тартып, дәнді дақылдың мән-жайын сұрадық.
– Биыл 86 гектар жерге дән тастадым. Оның 6 гектары «АйКерім» сорты болса, 5 гектарына ирандық «Торем Хошеми» күрішін тәжірибе ретінде егілді. Қалғаны өзіміздің «Маржан», – деп бастады әңгімесін диқан.
– Күріш дақылы Сыр алқабына қалай келді?
– Әркім әртүрлі айтады. Менің білуімше, Сыр өңірінде күріш егу Шиелі ауданында бастау алды. 1928 жылы Жөлек қыстағында алғаш «Рисовод» колхозы құрылады. Сонда колхоз төрағасы Поддубный Сыр күрішінің алғашқы егісін бастапты.
– Күріштің басқа дақылдан басты ерекшелігі неде?
– Күріш дегенің бала секілді күтім сұрайды. Себебі, күріш сусыз жерде өспейді. Қалай десеңіз, оның дәні себілген бойда су салынады. Ол шамамен 20-25 сантиметр деңгейде болуы шарт. Дақыл бітік шығу үшін отақ шөптен тазарту керек. Оған гербицид тыңайтқышы беріледі. Содан бір түптен 6-7 сабақ пайда болады. Ал, енді оған үстеме тамақ беру қолға алынады. Осыдан кейін мал сияқты күріш буаздайды. Басына күріш байлайды. Осы аралықта күрішті сумен қамтамасыз етуің тиіс.
– Өткен жылы Жалағаш ауданының «Таң ЛТД» ЖШС барғанымызда гектарынан кем дегенде 90 центнерден өнім алатынын білдік. Біз осындай деңгейге қалай жетеміз?
– Дала академигі Ыбырай Жақаевтың: «Күріш тегіс жерге ғана шығады, өйткені суда ғана өсетін дақыл. Ал, су тегіс жерге ғана біркелкі жайылады. Олай болса дән себетін жеріңді тегістей білу керек. Екінші жағынан, егістікке іркілмей келген су, іркілмей шығып кетуі тиіс. Үшіншіден, өнімділік күрішпен тілдесіп, оның тілін табуда» деген өсиетіне сүйенеміз. Жалпы, Ыбыкеңнің: «Өнім алу үшін күрішпен тілдесе білу қажет» дегенін ұстаным етпей өнім болмайды.
– Өнімділік қалай?
– Өткен жылмен салыстырғандай жақсы. Қазір соңғы 10 гектар күріштік қалды. Күндіз-түні егіс даласындамыз. Ысырапсыз өнім жинауға күш салудамыз.
Одан кейін диқандарды еңбекке ұйыстырып жүрген бригадир Әбсаттар Сайфуновпен тілдестік.
– Биыл өнімділік жақсы. Оған агротехникалық шараларды сақтап, дұрыс жүргізуіміз септігін тигізді. Екінші жағынан, дрон қызметін пайдаланып, күріштің қажетті жерлеріне минералдық тыңайтқыштар бердік.
Жалпы, 450 гектар күріштіктің 380 гектарын қамбаға бастырды. Өткен жылы гектарынан 39 центнер өнім алсақ, биыл 40-45 центнерден өнім жинауға ниеттіміз, – деді дала жұмыстарына көңілі толған бригадир.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын еліміздің экономикасы үшін аса маңызды бағыт ретінде белгілеп, аграрлық бизнесті дамытуға кең қолдау көрсетіп отыр. Осындай қолдауға дән риза диқан қауымы...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 579 2

Гость Jeahulalf от 28 ақпан 2019 02:39
Cialis Original Comprar Diflucan Drug Prescription http://xbmeds.com Acheter Dianabol Nolvadex Donde Comprar Cialis Farmacia

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 05:47
Order Meds For Uti Online Secure ordering isotretinoin isotrex tab viagra Peligroso Tomar Propecia