№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ИМИДЖІ ҚАНДАЙ?

ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ИМИДЖІ ҚАНДАЙ?


Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет», – деп нақты тапсырма берді. Шындығында бүгінгі қоғамда полиция қызметкерлерінің жұмысы өте қажеттілік туындатады. Әсіресе, балалардың болашағына қауіп төндіретін сын қатермен күресте тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейі мен біліктілігі шешуші рөл атқарады. Сондықтан, біз қоғамдағы полициялардың имиджінің қандай деңгейде екенін және оны қалыптастыруда қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын зерделеп көрдік.
Құқық қорғаушының келбеті қандай болуы тиіс? Бұл сауалды кент тұрғындарына және әлеуметтік желіні пайдаланушыларға қойғанымызда әртүрлі пікір алдық. Жауаптарды ортақ қорытқанда: полиция қызметкері кәсіби қызметінде немқұрайдылыққа, ұқыпсыздыққа, білімсіздікке бой алдырмауы тиіс. Адамгершілік тұрғыдан оның қателіктерге жол беруге қақысы жоқ. Оның мінез-құлқы, адалдық-адамгершілік қасиеттер талабына сай болуы шарт. Өйткені ол – Қазақстан Республикасының халқына құқықтық қызмет көрсетуші тұлға. Олай етпейінше, полиция қызметкерінің қоғамдағы салмағы кеміп, беделі мен абыройына нұқсан келері қақ.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері заңмен өлшенеді. Оның үстіне, айрықша нысандағы кәсіптің иесі саналатын тәртіп сақшыларына халық тарапынан қойылатын талаптар да өте жоғары. Алайда олардан талайлардың тек кемшілік көргісі келіп-ақ тұратыны өкінішті, әрине тәртіп сақшылары кемшіліксіз демейміз, оларда да қателік жетіп артылады.
Қазіргі уақытта полицияның толыққанды тұлғасының үш тұғырлы негізі бар. Біріншіден, үміткер полиция мамандығына жүрек қалауымен келуі керек. Екінші, оларды кәсіби деңгейде дайындау, және үшіншіден жаңа буынды ішкі істер органдарындағы алдыңғы толқынның үздік тәжірибесі мен қалыптасқан дәстүрлеріне бой ұсындыру арқылы қалыптастыру. Полицияның жаңа легін дайындауда білім мен тәрбиенің орны орасан. Бұл жөнінде АІІБ бастығының орынбасары Ерзақ Жақсыбеков өскелең ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің мәнін былай түсіндіреді:
– Бүгінгі қоғам полиция қызметкерлерінен көп нәрсені талап етеді. Сол үшін қандай сынақ болмасын оған төтеп бере алатын қызметкерлер өз ісіне сай болуы тиіс. Осыған орай жыл сайын аттестациядан өтіп, қайта оқыту мақсатында облыс орталығында орналасқан «Арнайы даярлық басқармасы» арқылы оқу-жаттығуға барып, білімін шыңдап тұрады. Сондай-ақ, айына өзіміз екі рет сабақ өткіземіз. Мәселен, мен екі рет, ал, әр бөлім басшылары да екі реттен сабақ өтіп отырады, – деді ол.
Сондай-ақ, қылмыскерді құрықтауда полиция қызметкерлерінің физикалық тұрғыда мықты болуы үшін денешынықтыру сабағы жиі өтеді екен. Сабақ барысында көбіне қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілін үйретеді.
– Қазіргі уақытта республикалық «Саламатсыз ба, мен сіздің участкелік инспекторыңмын» атты акция жүруде. Оның мақсаты – тұрғындармен тәртіп сақшыларының тығыз байланыста болуы. Яғни, халықпен жүйелі жұмыс жасап, олардың арыз-шағымдарын қанағаттандыруымыз қажет. Міне, осы бағытта акция жалғасын тауып келеді. Сөздің ашығы, қазір қылт етсе болды азаматтардың арызданып, заңға жүгінуі жиілеп барады. Десе де, біздің міндет ел игілігі жолында еңбек ету, – дейді.Олар, бір сөзбен айтқанда, халықпен күнделікті тығыз байланыстағы қызметкерлер. Мұндағы түпкі мақсат – полиция қызметін ашық әрі әділ ету болса, бір жағынан жергілікті жұртшылықты құқық қорғау қызметіне тарта отырып, сол аудан мен кентте туындаған күрделі мәселелерді бірігіп шешу болып табылады.
Учаскелік полиция инспекторының халықпен етене байланысуы оның жұмысының нәтижесіне оң әсерін тигізеді және халықтың полицияға деген көзқарасын қалыптастырады. Әрине, жұмыс жасалынып жатыр, дейтұрғанымен әлі де орын толтыратын оқылықтар бар.
Осы ретте қауіп пен қатері қатар жүретін полиция қызметіне нақты баға бергендер де бар.
– Қай саланың болмасын өзіндік қиындығы болады, оның ішінде полиция қызметіне артылған міндет ауыр. Себебі, от пен оқтың ортасында жүріп қызмет жасау оңай шаруа емес. Әрине, көбіне олардың қызметіне көңіліміз толмай жататыны рас, дегенмен жұмыс болғасын барлығы да болатынын ұмытпаған жөн, – дейді жаңақорғандық Медет Жансанов.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
22 қыркүйек 2018 ж. 2 221 0