№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАРГИНАЛ ЖАСТАР НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

МАРГИНАЛ ЖАСТАР НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС


Жыл басынан бері Жаңақорғанда қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың саны 154-ке жетті. Алайда, пробация қызметінен олардың 54-і есептен шығарылды. Дегенмен, олар да бақылауда болады. Ендігі мәселе есепте тұрған азаматтармен қандай жұмыстар атқарылуда? Алдағы жоспар қандай? Бүгін соған байланысты мәлімде жасаймыз. Ол үшін аудандық пробация қызметінің 2018 жылғы 2-тоқсан жоспарының 7-тармағының орынадалуын қорытындыласақ.
Алдымен, оларға жүргізілген түсіндірме жұмыстары мен көмек көрсету бойынша жұмыстарға тоқталатын боламыз. Есепке алынғандарға ҚР Үкіметінің №1131 қаулысындағы әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары мен көмек көрсету жиі жүргізіледі. Оның ішінде мемлекеттік атаулы көмек, кәсіби мамандық алу, медициналық көмек, жұмысқа орналастыру, құқықтық сауаттылық, әлеуметтік психологиялық көмек және тағы басқа бар. Енді қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарға көрсетілген көмектерге ойыссақ.
Мәселен, екі азамат «Еңбек» РМК-ның «Еңбек-Қызылорда» филиалында І-дәрежелі лауазымына қабылданса, 21 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді. 18 тұрғынға құқық көмек берілді. бір қуантарлығы, қазір олардың арасында жұмыссыз жүргендер жоқ.
Келесі кезекте, олармен атқарылып жатқан шараларға шолу жасайық. Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бергізбеу мақсатында АІІБ-нің Жергілікті полиция қызметінің УПИ қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқарудамыз. Аталған полиция қызметкерлерімен сотталғандарды жұмыс орнынан және тұрғылықты мекен-жайынан тексеріп тұрамыз. Сондай-ақ, есепте тұрған азаматтардың қатысуымен аудандық орталық мешітте бас имам Сайділла қажы Омаровпен «Діни экстремизмге қарсы күрес» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Алдағы уақытта да жұмыстар жүргізілетін болады. Яғни, спорттық сайыстар мен мәдени шараларға араластыру арқылы өздерінің қоғамда алар орнын сезіндіре алу біздің мақсат.
Жалпы, айтқанда ұсақ-түйек қылмыстардың белең алуы бұл бүгінгі қоғамның бір осал тұсы деуге болады. Ер-азаматтардың мұндай қылмысқа баруы әрине өте өкінішті. Ұрлық, алаяқтық, жол-көлік оқиғасы сынды жағдайлар жиілеп кетті. Оны алдын алу біздің ғана емес, қоғамның, әрбір тұрғынның міндеті.
Мұрат ЖҰМАШОВ.
24 шілде 2018 ж. 3 214 0