Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » НӘЗІК ЖАНДЫ САҚШЫ

НӘЗІК ЖАНДЫ САҚШЫ

Айым Шахизадақызының бала кезгі мұраты әпкесі секілді полиция қызметкерінің формасын киіп, қоғам тыныштығын қору болатын. Мақсаты мығым нәзік жанды тәртіп сақшысының қарым-қасиетін бойына сіңіріп өседі. Сондықтан, оған аудандық ішкі істер бөлімінде өзінің кәсіби қабілетін көрсету қиын болмады. Қазір ол жергілікті полиция қызметінің жұмысты ұйымдастыру аналитикалық тобының инспекторы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Байқоңыр қаласында полковник болып қызмет атқарған әпкесіне қарап тәртіп сақшысы болуды таңдап, құқық қорғау саласының соқпағы мен қызығын қатар арқалап жүрген Айым – үздік полиция қызметкері. Ол Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық колледжді бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы педагогикалық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қызметін алдымен аудандық ішкі істер бөлімінің техникалық қызмет тобының инспекторы болып бастайды.
Қызметімен қоса отбасының тыныс-тіршілігін қатар арқалайтын қызметкер жауапкершілік жүгін түсінеді. Әрі абыройлы атқаруға барын салады.
– Бала кезімнен тәртіп сақшыларының формасына қатты қызығатынмын. Дегенмен, өсе келе ата-анам «қыз баланың атқаратын ісі емес» деп, бұл саланы таңдауыма қарсылық танытты. Сондықтан педагогикалық колледждің «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түстім. «Бұйырған кетпейді» дегендей құқық қорғау саласына жұмысқа орналасудың сәті түсті, – дейді сақшы қыз.
Айыммен әңгіме барасында оның инабаттылығының астарында ер адамға бергісіз ауыр қайсарлық пен өжеттілік жатқанын аңғарып, оның нақ осы саланың қызметкері болу үшін жаралғанын түсіндік.
– Арулар нәзік жаратылыс екеніне таласым жоқ. Әлия, Мәншүк секілді батыр апаларымыз ел басына күн туғанда ерлермен бірдей қолына қару алып, жауға қарсы шайқасты. Олардың ержүректігі бүгінгі ұрпаққа жетіп, қазақ елі батыл қыздарымен мақтанады, – дейді Айым Сыздықова.
Түйін. Иә, полиция қызметі – батылдықты, өжеттілікті, қайсарлық пен табандылықты, іскерлік пен білімділікті талап ететін ауыр сала. Дегенмен, осы қызығы мен қиындығы қатар жүретін салада қызмет пен отбасын қатар алып жүрген Айымдай сақшы қыздарымызға сүйсіне қарайтынымыз рас...
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
23 маусым 2018 ж. 1 926 0