№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Роботехника: тиімді кәсіп

Роботехника: тиімді кәсіп


Нарықтық экономикада бәсекелестік жоғары, кәсіпті енді бастағысы келетін азаматтарға нарықта орын еншілеу әрі сонда тұрақты орнығу өте қиын. Сондықтан халықтың сұранысына ие болатын, тәуекелдері аз бағыттарды таңдаған жөн. Қолға алмақ жобаңыз инновациялық технологияларға қатысты болса, онда бұл бағытта мемлекеттік қайтарымсыз қаражатқа ие болуға мүмкіндік бар. Кәсібіңіз білім беру саласына қатысты болса, мұнда да балаларға инновациялық білім беру бойынша табысты бизнес құруға болады. Қазіргі таңда балалар смартфондар мен планшеттерге әуес.

Балалар назарын аулайтын гаджеттердің, мобильді қосымшалардың сан алуандығы, ауқымы соншалық, баланы кітап оқуға, тиімді жаттығулармен айналысуға тарту қиын. Смартфондарға тәуелділік бүкіл жаһанның проблемасы. Қайтпек керек? Сарапшылардың  пкірінше балаларды сүйікті ойыншығынан күшпен ажырату дұрыс емес деп санайды. Баланың қызығушылығын пайдалы қолдану білген жоқ. Осы ретте тамаша шешім «Робототехника» курсын ашуға болады. Назарларыңызға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер паласы сарапшылары дайындаған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты нұсқаулықтанроботехника саласы бойынша бизнес ашу жобасын ұсынбақпыз. Мұндай кәсіпті бастауға шамамен 3 млн теңге қажет.  Өтемділік мерзімі: 10 ай.Жоба тұжырымдамасы – роботты техника клубына қатысу, 5-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге робот техникасы саласын меңгеруге мүмкіндік береді. Білім беру негізіне STEM (ғылым (science), технология (technology), жобалау (engineering), математика (mathematics)) қағидасынан тұрады. Оқу процесінде ең озық технология мен халықаралық стандарттағы оқу бағдарламасые қолдану жоспарланған. Роботты техника клубы ­– қарапайымнан күрделіге дейін жүйесі бойынша робот техникасын түрлі деңгейде оқуға арналған орын. Оқу бағдарламаларында 8 адамнан тұратын топта әрбір балаға жекеше көңіл бөлу арқылы ынытмақты түрде сабақ өту ойластырылған. 

Massaget.kz
04 қыркүйек 2018 ж. 669 0