ЖАРҚЫН ЖОБА

5-6 мамыр күндері аралығында "Жаңақорған ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Арман асуы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Үйрен" кәсіпкерлікке оқыту курсы жүргізілді.
Курс мақсаты - Жаңақорған ауданы тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу. Оқыту курсына жаңадан кәсіп бастағысы келетін тұрғандардан бөлек, аудан кәсіпкерлері де қатысты. Оқу курсын 20-дан аса маңызы бар жобаларды жүзеге асырған "Бизнес-Старт" инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының мамандары жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар үшін кофе-брейк, танысу тренингтерімен қоса, "Канвас" бизнес-моделдері арқылы болашақ кәсіптерінің сұлбасын сызу ұсынылды.
2 күнге созылған оқу курсынан соң "The Best" бизнес-жобалар байқауы ұйымдастырылып, көрермендер көзайымына айналып, ең дәйекті авторлық идеялар жүлделі орындармен марапатталды. Дауыс беру ашық түрде қатысушылар тарапынан жүзеге асырылды.
Байқау нәтижесінде көпшілік дауыспен 3 орынды өзінің креативті презентациясымен ерекшеленген Ерқожа Әсем иеленсе, 2 орын — «Сәнді сырмақ» қолөнер орталығының жетекшісі Насырова Мейрамкүлге бұйырды. Ал жүлделі 1 орынмен "Озат" оқу орталығының жетекшісі Нұртаева Айдана марапатталды.
Қатысушылар ыстық тілектерін білдіріп, алдағы уақытта бизнес-тренерлермен кері байланыс жасауды жоспарлап, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.
Әліби КӨШЕРБАЕВ.
09 мамыр 2018 ж. 937 0