№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?


Халықтың әл-ауқатын көтерудің басты тетігі шағын және орта бизнесті жетілдіру талаптары ел көлемінде үлкен серпіліс тудырып отырғанына бүгінгі қадамдарымыз дәлел. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктері де жылдан-жылға нығайып келеді.
«Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы ел экономикасын көтеруді талап етті. Осы межеге жету бағытында ауыл кәсіпкерлерінің әлеуметтік деңгейі қалай? Шаруаны дөңгелетуге не кедергі? Кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламалардың кемшін тұсы қайсы? Жаңарық ауылында кәсіпкерлер мен сала басшыларымен өткен жиында осы сұрақтар кеңінен талқыланды.
Кәсіпкерлер санымен ауданда үздік үштік қатарынан көрінетін алақандай ауылдың өзіне тән шағын бизнесі мен шаруасы бар. Жаңарықтық 88 іскер азаматтың 42 шаруа қожалық болса, 46 дара кәсіпкер ретінде тіркелген. «Бизнес бастау» бағдарламасын 5 кәсіпкер оқыса, 2 кәсіпкер мал басы санын көбейтуге 5 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеген. Сондай-ақ, «Бизнес кеңесші» жобасымен 5 тұрғын арнайы курстан өтіпті. Биыл жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 8 адам несие алуға ниет білдіргенімен, оның біреуі ғана несиеге қол жеткізіпті. Қайтарымсыз несиеге 4 тұрғын құжат өткізгенімен, оның біреуі ғана мемлекеттік қолдауға ие болған. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылында жаңарықтықтар неге қолдауды сезіне алмай отыр? Несие алуда қандай қиындықтар бар? Осы мәселені көтерген Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Оспанұлы жауапты мамандардан сұрады.
– Кәсіпкерлік бағытта несие рәсімдеу жыл сайын жеңілдетілуде. Мәселен биыл несие алушылардың құжаттамасында бірнеше құжаттар алынып тасталды. Яғни, қағазбастылықтан арылу талаптары бар, – деді кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы Мәлика Сұлтанбекқызы.
Жаңарықтық кәсіпкерлердің мемлекеттік салық төлеудегі салғырттықтығы туралы Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Ниеталиев хабарлама жасады.
– Дара кәсіпкерлер арасында мемлекеттік салықты уақытында төлемей жүргендер бар. 46 дара кәсіпкердің 8-і патент негізінде салық төлесе, 38-і оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасауда. Биыл жыл басынан бері 8 патент иесінің 4-і ғана патент алды. Сондай-ақ, 12 кәсіпкер тиісті салық мөлшерін толық төлесе, 10 кәсіпкер нөлдік көрсеткішпен ұсынды. Ал, 16 дара кәсіпкер салық декларациясын тапсырмаған, – деп кәсіпкерлердің мемлекеттік салық төлеуде немқұрайлылық танытатынын жасырмады салықшы.
Салық төлеуден жалтарып отырғандар арасында мемлекеттен қомақты көлемде несие алып, қыруар қаражатты кәсіпкерлік мақсатта жұмсап отырғандар да бар. Неге олар табысын жасырады? Осындай кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында тиісті шаралар жасалу қажетігі ауыл әкімі Сұлтан Ибрагимовке ескертілді.
Жиынға қатысушылар арасында зейнеткер Орынбасар Әбдіхалықов кәсіпкерлік мақсатта несие рәсімдеуде үшінші тараптардың араласуынан заңсыздық пен жең ұшынан жалғасқан сыбайластық көріністердің килігіп кетуінен кәсіпкерлер тиісті мемлекеттік қолдауды көре алмай жатқанын айтып, кәсіпкерлерді несиелендіруді қатаң қадағалау қажеттігін сөз етті.
«Сәкен» шаруақожалығының төрағасы Сәкен Ақатаев өткен жылы «Қамқоршы» несие серіктестігінен 24 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеп, несиесін төлеуде айтарлықтай қиындыққа тап келгенін айтып, мәселенің шешілу жолын сұрады.
– Бүгінге дейін алған қаражат көлемінен аса қаржы құйған екенмін. Себебі, ай сайын 240 мың теңге төлеп отырмын. Бұл мен секілді шаруаға тым ауыр. «Құлан» бағдарламасы арқылы мал басын арттыруға несие алғаныммен, несиенің 10 пайызы қайтарылмай, ісімнің берекесі кетуде, – деді ол.
Кәсіпкердің сауалына «Қамқоршы» несие серіктестігінің заңгері Олжас Сабырханов жауап берді. Несие рәсімдеген шаруақожалықтардың шығынын азайту мақсатында биыл жыл аяғына дейін мемлекеттік көмек берілетінін айтты. Бәтуәлі басқосуда кәсіпкерлер күнделікті өмірде көздесетін мәселелерін айтып, жауапты мамандардан кеңес алды.
Түйгеніміз, кәсіпкерлер өз жұмысын біліп қана қоймай, кәсіпкерлік құқықты меңгеру қажет. «Әр істе бір қайыр бар» десек, ауылдағы шағын және орта бизнесті дамытуға бел буған кәсіпкерлердің өз істерінде табысты болумен қатар мемлекет мүддесі үшін де әлеуетті тұлғаға айналуы үшін жан-жақты қамқорлық қажет-ақ.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 273 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 14:05
Venta Cialis Levitra Viagra Zithromax Other Names Buying Azithromycin 500mg viagra online prescription Propecia Cost Blog Viagra Anbieter Rx Cheap Propecia

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 03:09
Levitra 20mg 30 Tablet Priligy Nederland Discount Viagra Offers cialis Where Can I Get Viagra Online