№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӨРТІНШІ БАСТАМА: КӘСІПКЕРЛІК – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ӨЛШЕМІ

ТӨРТІНШІ БАСТАМА: КӘСІПКЕРЛІК – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ӨЛШЕМІ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық модельін айқындап берді. Бағдарламаның әрбір бастамасы нақты талапты, айқын міндетті жүктеді. Әсіресе, төртінші бастамасында бәсекеге қабілетті болудың жолы көрсетілген.
«Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады», – деді Елбасы.
Расында, жаһандық тендецияда елдердің бәсекеге қабілеттілігін кәсіпкерліктің дамуымен өлшенеді. Себебі, экономиканың қозғаушы күші – шағын және орта бизнесте. Бүгінде дамыған елдерде ірі кәсіпорындардың орнын уақыт ағымына тез бейімделе алатын шағын және орта субъектілері алмастыра бастады. Мәселен, Жапониядағы кəсіпорындардың жалпы санының 90 пайызынан астамын шағын және орта бизнес саласы құрайды. Ал, АҚШ-та шағын және орта кәсіпкердің үлесі – 53 пайыз. Онда 1980 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде кәсіпкерлік субъектілері 13-тен 26 миллионға дейін өсті. Бұл Құрама Штаттардағы жұмыс орындарының үштен екісі шағын және орта бизнес санатына жататын субъектілер құрайды деген сөз. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта кәсіпорындардың үлесін 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу қажеттілігін тапсырды. Үндеудегі төртінші бастама осыны шындыққа айналдырып, озық 30 елдің қатарына қосатын механизм.
Үкімет түрлі бағдарламалар қабылдап, өңір басшылары тиімді үйлестіре бастағанымен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға ұсынылатын шағын несиенің тиімді жолы шешілмей келді. Былтыр 32 млрд. теңге 7 200 микрокредит берілді. Алайда оның өзі жетпей қалды.
– Сондықтан биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несие сомасын былтырғымен салыстырғанда 20 миллиард теңгеге көбейтуді тапсырамын. Сонда оның жалпы сомасы жылына 62 млрд. теңгені құрайды. Нәтижесінде, несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны былтырғыдан екі есеге артып, 14 мыңға жетеді, – деді Президент.
Елбасының сөзінен ұққанымыздай, несиені алған ауылдағы ағайындар жеке бизнесін дамытуға мүмкіндік алады. Оның үстіне, өңір басшысы Қырымбек Көшербаев 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялап, шағын және орта бизнесті дамытудың жоспарын әзірледі. Мұндай мүмкіндіктер сырбойылықтардың кәсіпкерлікті дамытудағы белсенділігін арттыратыны сөзсіз.
Үндеуде көтерілген жобаны жүзеге асырушы негізгі мекеме – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Осы палатаның аудандағы өкілі Марлен Нұртазаевтың айтуынша, былтыр «Бастау-Бизнес» жобасын 183 азамат кәсіптік білім алса, «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында 136 адам білімін жетілдірген.
– Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 202,2 млн. теңгенің 79 жобасы несие алды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының ұсынысымен Қызылорда «Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымынан 238,7 млн. теңгенің 52 жобасы несиелендірілді. «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ 6 пайыздық «ІСКЕР» бағдарламасы бойынша аудандағы «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 43,0 млн. теңгенің 6 жобасы қаржыландырылды. Жалпы, жеке кәсіп ашып, шаруамды дөңгелетсем дейтіндердің саны артты. Сондықтан, биыл жаңақорғандықтар көп қаржы алуға күш саламыз, – деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалының директоры.
Бүгінде ауылдық жердегі ынталылардың мүліктерін екінші деңгейлі банктер кепілдеме ретінде қабылдамай бермейтіні рас. Сондықтан мемлекеттің идеясымен арнайы кепілдеме жүйесі ұйымдастырылып, елді мекен тұрғындарына «ҚазАгроГарант» несиенің 85 пайызына кепілдік береді екен.
Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың сөзінше, шағын несиені көбейте түсуге алғышарттар жасалып жатыр. Мамыр айында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер енгізілмек.
– Жаңа өзгерістер нәтижесінде қала мен ауылдық аймақтарда микрокредит беру оңтайландырылып, қаржыландыру көлемі артып, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалады. Сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының кепілсіз қаржыландыру тәсілдері әзірленеді, – деді вице-министр.
Жеңілдетілген микрокредиттер 5 жыл мерзімге, мал шаруашылығы мен ауылшаруашылық коопе­ративтерін құру үшін – 7 жылға беріледі. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 6 пайыз. Кепілге беретін мүлкі болмаған жағдайда бағдарлама қатысушысы кредит бойынша міндетін орындап кепілдеме алуды қамтамасыз ете алады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бес әлеуметтік бастама аясында бөлінген 20 млрд. теңгенің 14 миллиарды ауылдарға бағытталады екен.

P.S.: Аудан әкімі Ғалым Әміреев кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тұсы агроөнеркәсіп саласында екенін терең түсініп, ғылыми-зерттеу институттарымен келісіп, агро-индустриялық аймақтар арқылы ауыл тұрғындарын қолдаудың жолын ұсынды. Енді жаңақорғандықтар еңбек майданында бәсекеге қабілеттілігін көрсете білсе болғаны. Себебі, бәсекеге қабілеттіліктің басты өлшемі – бизнесте. Бұған әлемдік үрдістің бағыт-бағдары дәлел...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
10 сәуір 2018 ж. 1 793 1

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 21:02
Generique Levitra Achat Commander Cialis Viagra Online Pharmacys cheap cialis Order Elocon Best Website Overseas