» » СОЛТҮСТІК ШАҚЫРАДЫ

СОЛТҮСТІК ШАҚЫРАДЫ

Солтүстік Қазақстан өңірі, Павлодар, Петропавл, Қостанай жұмыс істеуге ниетті жандарды жұмысқа шақырады. Кеше ғана аудан орталығында Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Ш.Уалиханов ауданынан арнайы мамандар келіп, жаңақорғандықтармен кездесті. 
Мәселен, Ақжар ауданында 102 бос орын болса, соның жартысы мұғалімдік мамандықты қажет етеді, сондай-ақ, дәрігер мамандар да жетіспейді. 
Барам деушілерге қандай мүмкіндіктер қарастырылған, соған тоқталайық. Алдымен, 80 000 қаржы қоныс аударуға беріледі, содан кейін тұрақты жұмыс пен бір жылға дейін ай сайын субсидия беріледі. Яғни, әрбір адам мүшесіне байланысты ақша төленеді. Бір қызығарлығы бұл облыстарда үй өте арзан. Орташа есеппен алғанда 1 000 000 теңгеге жағдайы жасалған дайын баспана алуға мүмкіндік өте көп.
Сондықтан, Солтүстік шаһарға барам деушілер уақыт күттірмей құжат дайындап, ерте қамдана беру керек.  
Ақжар ауданы, байланыс телефоны: 8 (71546) 22-109, 79-054
11 шілде 2018 ж. 1 115 0