№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ КҮН САЛҚЫНДАЙДЫ

АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ КҮН САЛҚЫНДАЙДЫ


Қазақстанда 21-23 маусым күндері ауа температурасы төмендеп, салқындайды, деп хабарлайды райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы төмендейді.
«Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы атлантикалық циклондардың жылжып келуіне байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынды салқын ауа райы байқалады. Оңтүстік облыстарда жоғары атмосфера қысымына байланысты жауын-шашынсыз ыстық ауа райы орнығады. Алдағы үш күнде атмосфералық процестер алмасып, Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа ағыны келеді. Сондықтан республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы төмендейді, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ солтүстік-батыстан күшті жел соғады», - дейді мамандар.
Республиканың оңтүстік облыстарындағы аптап ыстық 23 маусымға қарай басылып, ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа дейін төмендейді.
20 маусым 2018 ж. 1 339 0