Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Теңеу


Баукең біраз үнсіз қалып,ойлана:

-Орыста «Кура на смех» деген сөз бар,-деді сәл жымиып.- Бұл әрі-беріден кейін біз ғана емес, тауық та күледі деген сөз. Біреу ән салып отырса, қасындағы кісі:
-Әй, мынанаың әнінетоты түгіл торғай да күліп жүр ғой,-депті.
-Ақсақал, бұл сөзіңізді баяғыдан ойлап отыр едім,бірақ та қалай өрнектеп жеткізерімді білмеп едім. Сіз жақсы жеткіздіңіз
-Ой, олай болса, ерте кеші жоқ, ойыңды айтқын.
- Мен: «Мынаның әніне бұлбұл түгіл бөлтірік күліп жүр ғой» дейін деп едім, сіз «тоты түгіл торғай» дедіңіз.
Ақсақалдың ақылы бар екен. «Әй,шырағым, сенің айтқаныңнан менің айтқаным түкке тұрмайды екен» - дейді.
-Е,қалайынша?
-«Сөз тапқанға қол жоқ» деген,сенің берген бағаң менікінен асып жатыр. Менің айтқаным сенің айтқаныңның соңына да ере  алмай қалды.
 Баукең маған барлай қарап:
-Бөлтіріктің не екенін білесің бе?-деді.
-Білем
-Бұлбұл-музыканың атасы. Одан асқан әнші бар ма? Біреудің даусы ұнаса , «әй,мынау бұлбұл екен» дейміз. Ал тоты-құстардың сұлуы. Біреуді мақтасақ, «тотыдайын түрленіп» дейтініміз содан. Ол әнші емес. Оның күлгені жараспайды. Бұлбұл күлсе жарасады.
Ақасақал соған түсініп, қасындағы кісінің: «Мынаның әніне бұлбұл түгіл бөлтірк күліп жүрғой» дегеніне жығыла білген. Бөлтірік болса, жұдырықтай құс,құйрығы ақ жолақ. Ол аңға түседі. Бірақ шеңгелімен бүре бергенде, қуанғаннан дауыстап, шеңгелін жазып жібереді. Қасқырдың күшігінде бөлтірік дейтініміз бар. Ол басқа бөлтірік.
Баукең тұнжырай қабақ түйіп:
-Мұны неге айтып отырсыз деп сұрақ қойсаңшы?-деді
-Мұны неге айтып отырсыз?
-Өз қатесін өзі сезіп, оны әділет жолымен мойындаған ақсақал үлкен-кішіміз демей баршамызды ойлантуға тиіс.
P.S. Осындайда халқымыздың: « Ақылы жоқ щалдан – ақылы артық бала жақсы», «Ойнап сөйлесеңде – ойлап сөйле» деген даналық сөзі еске түседі.
18 мамыр 2018 ж. 1 636 0