№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жазушының тірегі


Біздің жазушылар одағында / әрине, өзім қарым-қатынас жасағандарымның арасында/ байының жайылымын екі ақ қатын біледі. Бірінші орында Ғабеннің/ Ғабит Мүсіреповтың/ үйіндегі Ғұсни жеңгей. Ол кісі Ғабиттің ойын бөлмейтін, еш уақытта дауласпайтын, кәдімгі кіші немересіндей алақанға сап отыратын. Ғабең адам сенбес ерке еді. Ғұсни жеңгей тамақты жұмыс бөлмесіне әкеп беретін.

 Ол кісі Ғабиттің барлық ауыртпалығын көтерді. Сол жеңгеме қатты ризамын. Үлкен түсінігі, үлкен адамгершілігі бар кісі екен. Меніңше, ұшқан ұясы, алған тәрбиесі осал болмау керек. Мен Ғұсни жеңешемді кісілік жағынан бірінші орынға қоямын.
Екінші орынды Сәбеңнің/ Сәбит Мұқановтың/ жары Мариям жеңгейге қияр едім. Обалы не керек, өзі қитырқылау, еркек мінезді кісі, бірақ ақылды,ұстамды кісі. «Иит!» - деп тастайды. Алғашында мен де қорқушы едім.
 Сәбең дастарқанды еді ғой. Жол жүргенде қазы-қартасын ап жүретін. Қиқаң-сиқаңы да бар болатын. Оны Мәриям жеңгей білсе де, көп шатақ шығармайтын. Ол кісі туралы үстіміздегі жылы «Қазақ әдебиеті» газетіне жаздым да ғой. Қайталап,оқып шық,түсін. Мен оны жайдан-жай жазған жоқпын ғой. Мен кез келген қатын туралы былай жазбаймын. \
Мәриям жеңгей адал кісі. Осыдан алты,жеті ай бұрын Жазушылар одағында бір жиналыс болып бардым. Мені президиумға шақырмады. Қарасам, үшінші қатарда Мәриям жеңгей отыр. Қасындағы орын бос.
-Сәлеметсіз бе? Қасыңызға отыруға бола ма?
- Е,отыр,қарағым.
Өзі әдепті кісі ғой. Екеуіміз қатар отырдық. Жиналыс бітіп,буфет-суфетке шақырдым. Жеңгеммен қатар отырған соң қалдырып кеткенім жөн бе, жөн  емес пе?
-Жөн емес.
-Дұрыс. Жаным қалмастан қызмет еттім. Бұл жолғы ол кісіге қатты риза болғаным- Сәбеңнің өзі жоқ болса да, көзі бар деген оймен жиналысқа қатысқаны еді. Ақылдылығы ғой. Ақымақ кемпірлер болса :«Е, мен жазушы емеспін, жиналыс менің не теңім?» - деп үйінде отыра береді емес пе? Мәриям жеңгей олай етпей, Сәбеңнің көзі ретінде қатысты. Бұл, бағаласақ, үлкен нәрсе.
P.S. Расында қаншама ақын мен жазушының әйелі осы екі анамыздай жұбайларын көздері тірісіндетуған ұлындай әлпештеді екен...
17 мамыр 2018 ж. 1 100 0