№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көмірге сұраныс көп пе?

Көмірге сұраныс көп пе?


Өткен аптаның сенбі және жексенбі күні аудан орталығында көмірге деген сұраныстың көптігі сонша қатар-қатар тізілген көліктер кезегін көрдік. Жүк көліктерінен бөлек, жеңіл тұлпардың да қарасы көп. Тіпті басы-қасында учаскелік полицияның да жүргенін көзіміз шалды. Апта басында жауапты мамандармен жедел сөйлесіп, ұзын-сонар кезектің себебін сұрадық. Көмір тапшы ма, әлде сұраныс осыншалық жоғары ма?


Жалпы Жаңақорған кентіндегі тұрғын үйлердің 90 пайыздан астамы көгілдір отынның игілігін көруде. Яғни газ кіргізілген, қатты отынға тәуелді емес. Тек ауылдық жерлер ғана тұтынады. Онда да биыл кем дегенде 2 ауыл көмірден бас тартуға дайын. Өйткені газ толықтай қос ауылға жетті. Тұрғындар уақыт оздырмай газ тартуды бастады. Демек қалған ауылдарға көмір артығымен жетеді деген сөз. Бірақ кешегі кезекті білу үшін жауапты мекеме есігін қағып көрдік. Көмірдің жеткілікті екеніне көз жеткізгіміз келді.
Сала мамандарының сөзінше, жалпы ауданда әлеуметтік-мәдени маңызы бар 146 мекеме болса, оның 100-і қатты отын, 22-і сұйық отын және 24-і газбен жылытылады. Білім саласы бойынша – 71, мәдениетте – 32, денсаулықта – 36, спорт саласы бойынша – 5 мекеме жұмыс істейді.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарының сөзінше, әлеуметтік мекемелерге 6500 тонна қатты отын, 1521 тонна сұйық отын қажет. 2022 жылдың қорытындысы бойынша отынмен қамту көрсеткіші келісім шартқа сәйкес орындалып, мекемелерге жеткізілген.

– Жалпы ауданда жеткізілетін көмірдің дені вагондармен теміржол арқылы келеді. 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында 31500 тонна көмір қажет. Қазір ауданда 2 отын қоймасы бар. «Альянс Групп» және «Тұрганбаев Ж». «Альянс Групп» қоймасының сыйымдылығы 7000 тоннаны құраса, «Тұрганбаев Ж» жеке кәсіпкерлігінде 30000 тоннаға дейін көмір сыйымдылығы қарастырылған. Қазіргі таңда жылу беру маусымында көмір қоймаларында жеткізілген көмірдің көлемі 27000 тоннаны құрайды. Оның ішінде ЖК «Тұрғанбаев Ж» отын қоймасында 2000 тонна, тұрақты жұмыс жасап тұрған «Алянс Групп» отын қоймасында 25000 тонна көмір тасымалданды, – деді бөлім басшысы Қайрат Сапарбаев.

Бізге маңыздысы бағасы болатын. Бұл сауалға бөлім басшысы: «Кәсіпкерлер арқылы 2022 жылдың соңына дейін 1 тоннаға 15100 теңгеден «Шұбаркөл» маркалы көмір отыны сатылды. Алайда 2023 жалдың басынан бастап 1 тонна көмір отыны 17000 теңгеге сатылуда» – деп жауап қайтарды.
Біздің түсінгеніміз бойынша аудан орталығында көмір жеткілікті деген сөз. Демек көмірге деген сұраныс артып келеді. Егер аудандағы әр ауылға көмір жеткілікті деңгейде баратын болса, онда тасымал көрші облыстарға да жөнелтіледі. Түйіндей айтқанда, біз жауапты мамандардан көмір қоры жеткілікті дегенді бағдарлап алдық. Әлі қыстың 1 айының ызғары бар. Көмірдің жеткілікті болуы, көңілге медет болары сөзсіз. Ең бастысы, ел жылусыз қалмаса игі. Қалғанын уақыт таразылар.

Әсел ИБРАГИМОВА
31 қаңтар 2023 ж. 260 0