№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылу маусымы басталды

Жылу маусымы басталды

Редакцияға тұрақты оқырманымыз хабарласты. Амандық-саулықтан кейін көмірдің кезегіне тұрғанына екінші күн болғанын айтты. Қазір көмір базасында ұзын-сонар кезек екенін. Сосын көзбен көру үшін «Ынтымақ» мейрамханасына қарама-қарсы орналасқан көмір базасына бардық. Шынында, ұзын кезекті көрдік. Соңғысы тізім бойынша 68-ші екенін айтты. Базада көмір жеткілікті мөлшерде барын білдік. Содан кейін қысқы маусымға дайындық қалай? Осы тақырыпқа жауап іздедік.

Жылу – жергілікті құзырлы органның қаулысымен беріледі. «Қызылорда облыстық мәслихаттың өңірдің жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидатына» сай әр жыл сайын жылу маусымын жариялайды. Қаулыда «бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8 С және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болғанда қала және аудан әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының басталғанын жариялайды» делінген. Ал «GISMETEO» сайтына сенсек, алдағы 10 күнде жылы ауа массасы сақталады. Осы ережені басты назарда ұстап, ауа райын қадағалап, жылу маусымына дайындықты пысықтап отырған «Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолаушылар бөлімінің маманы Расул Қарақожаев бірқатар мән-жайды түсіндірді.
– Бүгінге дейін бірқатар мекемені газға қосып, жылу мәселесін шештік. Кентте 95 пайыз тұрғын үйге газ кіріп тұр. Қалғанына осы айдың соңына дейін газ құбыры толық жүріп, жылуға қосылады деп күтілуде. Газ қауіпсіздігі, газды пайдалану ережесіне сай халыққа түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Жылу барлық мемлекеттік мекемеде 15 қазанда қосылады деп күтілуде, – деді.
Маманның сөзінше, 2020-2021 жылға жылу беру маусымына орай мәдени, білім және денсаулық сақтау нысанына 167 тонна дизельдік жанармай, 5900 тонна қатты отын әзірленді. Оған облыстық және жергілікті бюджеттен 113,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандарға 3444 тонна көмірге келісім жасалды. Халықтың көмірді тұтыну көлемі 18 000 тонна деп жоспарланды. Ауданда 2 көмір қоймасы бар. Оның бірі ЖК Рахматуллаевтың көмірханасында «Шұбаркөл» маркалы көмірдің 185 вагон, нақтырақ айтсақ, 12950 тонна көмір түсті. Тұрғындарға 1 тоннасын 14250 теңгеге сатуда.
– Көмір қоймасына көмірдің келіп түскеніне бір жарым ай болды. Осы күнге дейін халыққа «көмір бар, алыңыздар» деген кезде ешкім қозғалмаған еді. Күн суыта бастаған соң халық қарасы көбейді. Осы айда алып бітсе, тағы да қосымша көмір әкелетін боламыз, – деді көмір вазасының иесі Акрам Рахматуллаев.
Ал кәсіпкер Жаңабек Тұрғанбаевтың қоймасында көмір таусылуға шақ тұр. Ол жуық арада тағы да көмір қорымен толығатынын айтты.
Тұрғындардың көгілдір отынға қарызы уақыт өткен сайын өсіп келеді. 2020 жылдың 5 қазанда жаңақорғандықтардың коммуналдық төлемге, яғни көгілдір отынға қарызы 38, 183 млн теңгені құрады. Бұл жөнінде «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ шаруашылық бөлімінің басшысы Сұлтан Сәрсенов:
– Өткен жылы 4776 тұтынушының 477-сі қарызына байланысты газ жүйесінен ажыратылды. Төлем көлемі 50 мың теңгеден жоғары қарызы бар 112 тұтынушыға ескерту берілді. Егер қайта қостырған жағдайда қосымша айыппұл төлейді, – дейді.
Бүгінгі таңда 2373 абонент газ жүйесіне қосылған. Қарызы барлар осы апта соңына дейін төлем жасамаса, жылу жүйесінен қағылуы мүмкін. Кентте 131 мекеме болса, оның 32-і қарызға белшеден батып тұр.
Биыл елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 32 мектеп онлайн, 10 мектеп дәстүрлі оқу үрдісінде білім алуда. Сол 32 мектептің бастауыш сыныбында ата-ана өтінішімен кезекші сыныптар ашылған еді. Білім алып жүрген жасөспірімдердің ұясына жылу қашан беріледі? Қай мектеп газға қосылады? Ата-ананың көкейіндегі сұраққа жауап іздедік.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов мектеп вазасын жылу маусымына дайындық жұмысын айта келе, тың жаңалықтарымен де бөлісті.
– Аудандағы 42 білім беру ұйымының 22-ы қатты отынмен жылытылады. Ал 12 мектеп, атап айтқанда №52, 55, 161, 162, 164, 192, 196, 221, 223, 209, 247, 256 мектебі сұйық отын жағады. Кент орталығындағы 8 мектеп көгілдір отынның игілігін көруде, –деді Болат Махсұтұлы.
Білім беру мекемелері осы жылдың соңына дейін отын-суына мемлекеттік тапсырыс жасап, қажеттілігін алуда. Қысқасы, қатты отынға бюджеттен 60740,0 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ сұйық отын литрі 193 теңгеге бағаланып, оған 162321,0 мың теңге жұмсалған. Ал, газға – 16060,0 мың теңге қаралды.
Айта кетерлігі, 2020 жылдың ІІ жарты жылдығында сұйық отын пайдаланатын мектептерді 12 мектеп пен №194 мектепті газ желісіне қосу көзделуде. Осы 13 мектепті тасымалданатын газбен жылыту жүйесіне қосу үшін құжаттары дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі дайындап, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Қысқы маусымға дайындық барысында №166 мектеп пен №242 мектепке 2 дана пеш, №3, №180, №184, мектепке су айдайтын насос алуға бюджеттік өтінім берілді. Бұған 4032,0 мың теңге қаржы қаралды.
Мектептің жылу маусымына әзір. Отынын түсіріп, мектеп қазандығын тазалап, пеш құбырларының кем-кетігін түзеген. Енді отын жағушыларға сұраныс жіберіп, 3 аусымды жұмыстың кестесін дайындауда. Мұнда даярлық сыныбы мен 1-4 сынып оқушылары білім мектепте білім алса, 5-11 сынып оқушылары үйінде білім алуда.

Мақпал МАРҚАБАЙ
14 қазан 2020 ж. 541 0