Соңғы жаңалықтар

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Көмір қоры қанша, бағасы ше?

Көмір қоры қанша, бағасы ше?


Жуырда аудан әкімдігінде Жаңақорған ауданының Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім кеңесін» өткізді. Онда кент, ауыл тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету және көмір тапшылығын болдырмау жөнінде мәселе көтерілді.


Жиында алғаш болып «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы Уәлихан Ибрагимов сөз алды.
– Негізі қоғамдастық келісім кеңесі билік пен бұқара арасындағы алтын көпір. Себебі халықтың әл-ауқатын жақсартып, түйткілді мәселелерін шешуде осындай кеңестердің қаншалықты маңызды екенін тұрғындар сезінуде. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, түйіні шешілмей келген мәселені бірге қарастырып келген едік. Енді осы абыройлы қызметті кеңес мүшелерінің келісімімен Қоғамбек бауырыма тапсырамын. Өздеріңізге бұл кісі жақсы таныс, қоғам жанашыры, белсендісі ретінде танылып келеді, – дей келе алдағы ісіне сәттілік тіледі.
Осылайша биылғы жылдан бастап қоғамдастық келісім кеңесінің төрағалық қызметіне Қоғамбек Мүтәнұлы сайланып, осы уақытқа дейін іске асқан жобаларға жоғары баға беріп, бұдан кейін де дәл осы бағытта маңызы зор міндеттерді кеңес мүшелерімен бірлесе атқаратына сөз берді.
Енді жиын барысына тоқталсақ. Кеңес мүшелері мен жауапты деген сала мамандары Серік Бахытұлының фейсбук әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында көтерілген қатты отын, яғни көмірдің көршілес облыс Түркістанға неге тасымалданады деген сұрағы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ ауылдан келген тұрғындар 7-8 сағат кезекте тұрады, кезегі келген уақытта көмірдің таусылып, келген жағына жалдап келген көлігімен бос қайтатыны айтылды.
Ал көмір мәселесіне аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты. Өзіміздің ауыл тұрғындары вагонмен келген көмірді ала алмайды. Алайда камаз көлігімен басқа аймаққа тасымалданады. Осындай пікірді жиналған көпшілік талқыға салды. Рас, қыс мезгілінде ауыл өмірі көмірге байлаулы екені белгілі.
Көбісі бұл ойды қоштағанымен аудандық ЖКҚ бөлімінің бас маманы Даулет Өмірәлиев:
– Бүгінгі мәселе бойынша біз арнайы барып ауданды көмірмен қамтамасыз етіп отырған «Жаңатас» жеке кәсіпкер өкілі Акраммен сөйлестік. Ол жаңақорғандықтармен де, Түркістан облысының кәсіпкерлерімен де арада келісім бар екенін жеткізді. Егер Жаңақорған ауданын ғана катты отынмен қамтамасыз етсеңіз деген уәжді айтқанымызда, онда мен Жаңақорғандықтармен жасалған ара­дағы келісімді бұзуға мәжбүр боламын деген ойын қысқаша жеткізді, – деді.
Осылайша көмір тапшылығын шешуде ортаға өз ойын салған аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Оспанов бұл жерде көмір сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлер Акрам және Жаңабекпен ауыл әкімдері меморандумға отыру керек. Олар ауылда қанша отбасы барын, қыс мезгілінде қанша тонна көмір жағатынын орта есеппен есептеп, тұрғындар шығынға батпау үшін ауылдан сатылу жағын қарастыру керек деп ойын айтты.
Дәулет Өмірәлиевтің айтуынша, ауданға жеткізілетін көмір бірінші айналымға 18 000 тонна болса, екінші айналымда 30-33 тоннаны құрайды екен. Қазір көмір бағасы кәсіпкер Акрамда «Шұбаркөл» сорты – 14 250 теңгеден болса, жеке кәсіпкер Жаңабек Тұрғанбаевта да «Жалын, Шұбаркөл» сорты – 14 250 теңгеден сатылуда.
Осы орайда ауылдан келген ағайынның кезек күтіп, жалдап келген жүк көлігінің қаңтарылып бос қайтуында тұрғындардың бір тілегін айта кеткенді жөн көрдік. Олардың уәжіне құлақ ассақ, бағаның құбылуынан бөлек көмірдің жеткіліксіз болуы алаңдатады.
Соңыра келе уақытша орын алған көмір тапшылығына байланысты тағы да бір бас қосып, ауданды көмірмен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлердің қатысуымен тағы бір жиын өтетіні айтылды.

Лаура БИБАСАРОВА

11 ақпан 2021 ж. 553 0