№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

 
Жаңақорған аудандық сотында 28 сәуір 2018 жылы  Н.қатысты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
  Іс құжаттарына сәйкес құқық бұзушы Н. 12 сәуір 2018 жылы  сағат 10:10 шамасында Жаңақорған ауданы, Шалқия кентіндегі «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ның ғимаратындағы қызметтік кабинеттің ішінде жәбірленуші  У. балағат сөздер айтып, яғни қоғамдық орында былапыт сөйлеп, жеке тұлғаға қорлап тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.
   Сот отырысында құқық бұзушы Н. кінәсін мойындап, өкініп жәбірленуші У.  кешірім сұрады.
   Сот қаулысымен  Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған салынатын 5  айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 12 025 теңге айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, 8 418 теңге айыппұл салынды.
         Қаулы заңды күшін енген жоқ.
        
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының маманы А.Нысанбаева.
10 мамыр 2018 ж. 1 303 0