Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жаңақорған аудандық сотымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындалды

Жаңақорған аудандық сотымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындалды


Жаңақорған аудандық сотында 2 сәуір 2018 жылы құқық бұзушы Р. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқық бұзушы Р. 23 ақпан 2018 жылы сағат 20:30 шамасында №56 Қызылорда-Көкшетау бағытындағы жолаушылар поездының №2 вагонында, яғни қоғамдық орында мас күйде вагон ішінде түкіріп, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық, яғни Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы Р. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады. 
Сот қаулысымен құқық бұзушы Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған салынатын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 12 025 теңге айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, 8 418 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.

Б.Қалдыбаев,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
04 сәуір 2018 ж. 1 552 0