Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды


Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.    Сот отырысында құқық бұзушы Е. қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, айналасындарға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орынды ластағаны анықталған.

Сотта құқық бұзушы Е. өзінің  кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген және өзінің жұмыссыз екенін көрсетіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Е.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған салынатын 5  айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 12 025  теңге айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, 8 418  теңге айыппұл салынды.
Жаңақорған аудандық сотының маманы А.Нысанбаева.
12 наурыз 2018 ж. 1 367 0