№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақ тілімнің қасиеті қадірлі

Қазақ тілімнің қасиеті қадірлі


Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Қазіргі қазақ қоғамының басты мәселесі – ана тіліміздің бүгіні мен болашағы. Егемен ел болғалы еңсеміз тіктеліп, әлемдік сахнада орнымызға орныққанымызбен, олқылымыз тілімізге тіреліп тұрғаны қынжылтады. Сондықтан, Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан» құрудағы алғашқы алғышарттарының негізі етіп қазақ тілінің қадір-қасиетін қайта қалыпқа келтіруді көздеп отыр. Өйткені, «тіл тағдыры – ұлт тағдыры», ұлттың тарлан тарихына таңба болып басылатын тілдің келешегі қазірден басталуы керек.

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресежелсіз түндей тынық, біресе құйындай екпіндей тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та соңғы Жолдауында ана тілдің беделін арттырып, қоғамдағы орнын нықтап, қазақ тілінің құдыретін көтерудің тапсырды. Бұл билік пен бұқараның ғана емес, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің де ортақ жүгі. Сондықтан полиция қызметкерлері де қызмет саласында ана тіл қазақ тілінің қасиетін арттыруды көздейді. Бұл елдің ертеңіне, кемел келешегіне, баянды болашағына бастар жол.

Ермұхамед ӘБДРАМАНОВ,
аудандық полиция бөлімінің капитаны
02 қыркүйек 2022 ж. 514 0