№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ана тілім - алтын қазынам

Ана тілім - алтын қазынам


Ана тілім – алтын қазынам

 «Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуы тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр. Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек», деді Президент Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың I отырысында.
 Иә, тіл тағыдыры тұтастай ұлттың ертеңі, келешегі. Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы алдымен тілімен өлшенеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресежелсіз түндей тынық, біресе құйындай екпіндей тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ.
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та соңғы Жолдауында ана тілдің беделін арттырып, қоғамдағы орнын нықтап, қазақ тілінің құдыретін көтерудің тапсырды. Бұл билік пен бұқараның ғана емес, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің де ортақ жүгі. Сондықтан полиция қызметкерлері де қызмет саласында ана тіл қазақ тілінің қасиетін арттыруды көздейді. Бұл елдің ертеңіне, кемел келешегіне салынар сара жол.

Ермұхамед ӘБДРАМАНОВ,
аудандық полиция бөлімінің капитаны
27 маусым 2022 ж. 724 0