№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ана тілім айбарым

Ана тілім айбарым

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы алдымен тілімен өлшенеді. Сондықтан қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени-әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс.
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресежелсіз түндей тынық, біресе құйындай екпіндей тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та соңғы Жолдауында ана тілдің беделін арттырып, қоғамдағы орнын нықтап, қазақ тілінің құдыретін көтерудің тапсырды. Бұл билік пен бұқараның ғана емес, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің де ортақ жүгі. Сондықтан полиция қызметкерлері де қызмет саласында ана тіл қазақ тілінің қасиетін арттыруды көздейді. Бұл елдің ертеңіне, кемел келешегіне салынар сара жол
Ермұхамед ӘБДРАМАНОВ
28 наурыз 2022 ж. 519 0