Тіл - ұллтың тұғыры, рухы мен намысы
Бүгін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен орталық кітапханада 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ««Тіл-ұлттың тұғыры, рухы мен намысы» атты іс-шара өтті.
Шараға тіл жанашырлары мен тұрақты оқырмандардан бөлек мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатындағы шараларда белсенділік танытып жүрген аудандағы этнос өкілдері мен Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамының Жаңақорған ауданы бойынша филиалы төрағасы І. Нәрзілдаев қатысты.
Шараны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Сәбитұлы ашып, аталған мерекенің маңыздылығына тоқталды.
Биыл мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқан Ахмет Байтұрсынұлының есімін ұлықтауға байланысты өткізілген шараларға тоқталып, Алаштың арда азаматына арналған шаралардың әлі жалғасатындығын жеткізді.
Сондай – ақ ауданымыздағы мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңеюіне үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырларына аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.
Шара барысында №169 мектептің оқушылары Фофанова Кристина, Ахмедова Альвида мен Милиярова Гюнаш мемлекеттік тіл жөніндегі қазақ ақындары мен Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа оқып қошеметке бөленді.
Шара шараға қатысушылардың жүрекжарды тілектерінен соң концерттік бағдарламамен аяқталды.