№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТІЛ МӘРТЕБЕСІ - ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ - ЕЛ МӘРТЕБЕСІ



Елімізде 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілген. Ұлт ұстазы саналатын, қазақ әліпбиінің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған бұл мерекенің маңызы зор.  Аталмыш мерекеге орай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
 «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында «Жеті жұрттың тілін біл» атты
дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған білім ордасының тіл мамандары мен студенттер қатысып, белсенділік танытты.
 «Бүгінгі шара жастарға, өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілді қадірлеу, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізілді. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ана тілімізді этносаралық тіл деңгейіне жеткізу біздің азаматтық парызымыз. Қай тілді мықты тіл деп санауға болады десек, оның жауабы сөйлеушісі көп тіл - мықты тіл. Сондықтан қазақ тілін дамыту үшін оның сөйлеушілерінің санын арттыруымыз керек. Ол үшін осындай іс-шаралар, үгіт-насихат жұмыстары тоқтамауы керек», - деді ф.ғ.к., профессор А.Абасилов.
 
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік тілді дамыту мақсатында бірқатар шаралар өткізіліп келеді. Сонымен қатар, университетте Алаш арысы, ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ауқымды шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
06 қыркүйек 2021 ж. 569 0