» » АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ



Бүгін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Арман кенттік мәдениет үйінде ұлттың ұлы ұстазы, реформатор ғалым

АхметБайтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай "Алаштың Ахметі" атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Шараның мақсаты

қазақ баласының сауатын ашып, елімізді өркениетті елдердің қатарына қосуда мақсат еткен ұлы тұлғаның ұлағатты істерін ұлықтау,

шығармашылығын насихаттап, педагог—ұстаздың құнды мұраларын дәріптеу. Шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

басшысы Нұрымжан Сәбитұлы ашты. Мүшәйраға Қазалы,Жалағаш,Шиелі,Қызылорда қаласы мен өз ауданымыздан барлығы 10 ақын қатысып,

2 кезең бойынша сынға түсті. Ақынға арнау бөлімінде жыр шумақтарымен Ахметтің образын, шығармаларының мән— мағынасы мен негізгі

идеологиясына тоқталса, 2 кезең еркін тақырыпта өлең оқуда ақындар қамшы салдырмай, көсіле шапты. Мүшәйра қорытындысына сай бас

жүлдені Шиелілік жас ақын Оралбай Аружан иемденсе, бірінші және екінші орындарға Қызылорда қаласынан үмітін үкілеп келген Әли

Асқар мен Жалағаштық суырыпсалма ақыны

Өмірзақ Дидарға бұйырды. Ауданымыздың абыройын арқалап шыққан Дүйсенбай Қайсар 3 орынды қанағат тұтты.

Жарыс соңында қатысушы барлық ақындарға арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.Шара соңы жас қаламгерлерге алғыс айтып,

сәттілік тілеумен аяқталды.
20 мамыр 2022 ж. 464 0