№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен сот қызметкерлері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы С.Алдабекова, Қызылорда облысы әкімі аппарат «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша этноаралық қатынастар жөніндегі сарапшы маманы А.Ильясов, «Халық банк» АҚ-ның өкілі, өзге ұлт өкілі «Балғын» балабақша тәрбиешісі Ш.Изатова, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшілері және аталған мекеме директоры А.Тилеубергенова және қызметкерлері қатысты.
Шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева алғы сөз алып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында қазіргі таңда елімізде тіл саясаты жоспарлы жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының орындалуы мен сақталуы қатаң бақылауға алынып келеді. Елінің болашағын тілінің болашағымен байланыстыра қарайтын «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», Қазақ тілі - Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс», «Қазақ - қазақпен қазақша сөйлесуі керек» - деп мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ісін үнемі назарында ұстап жүрген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында латын қарпіне көшу, көп тілділік мәселесіне ерекше назар аударды. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиіміздің  латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек»,-деген тапсырма берді. Бұл ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе екенін айтты.
Өз кезегінде А.Тилеубергенова,  С.Алдабекова, А.Ильясов, Ш.Изатовалар өз сөздерінде өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте-деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Тіл ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Әр халықтың ана тілі-оның жаны. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де зор мақсат. Бұған еліміздің тиісті сала басшылары,  тілші-ғалымдар мен тіл жанашырлары әрдайым назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыруы келелі іс. Әлбетте, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің  тұғырын биіктете түсеріміз анық. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болыптабылатын қазақ тілінің  одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп айтты.
Шара аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында кенттегі №125, №169  және №51 мектеп оқушылары «Қазақ тілі», «Тілім менің» тақырыбында өлең шумақтарын оқыды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
16 наурыз 2019 ж. 878 0