Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенден абай болайық

Кенден абай болайық


Аса қауіпті КонгоҚырым геморрагиялық қызбасы ауруы табиғи ошақтық инфекция. Табиғи ошақ дейтініміз бұл ауруды тасымалдаушы кенелер біздің аудан территориясында өмір сүреді. Жалпы республикамызда Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында орналасқан.

  Биыл біздің аудан бойынша 4666 дана кене жиналып 545 сынама тексеріліп, 95 дана кенеден 10 сынамада оң нәтиже анықталды. Әсіресе ауылшаруашылық малдарын бағумен айналысатын тұрғындар, егістікке, шөп оруға баратындар үйге келгенде киімдерін, денесін мұқият қарау керек, мал қырқымы кезінде қолға резеңке қолғап, алдына клиенкалы алжапшық пайдаланған жөн, малдардың үстіне жабысқан кенелер қанға тойып алып қырқым кезінде қаны адамның қолына, денесіне шашырауының алдын алу керек.

 Адамдарға кене жабысу фактісі болған жағдайда жергілікті емдеу орнына қаралу қажет, кене шаққан адамдар медицина қызметкерімен 14 күн бақылауда болады.

 Аудан бойынша биыл 7 айда КҚГҚ аурының нақтыланған 3 жағдайы есепке алынды, аурушаңдық көрсеткіші 3,2 құрады, 2021 жылы осы кезеңде ауру тіркелмеген, яғни биыл аурушаңдық жоғарылап тұрақсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасты. Аудан бойынша кене шағумен 88 адам есепке алынып, медициналық бақылау жүргізілді, былтыр осы кезеңде кене шағумен 31 адам тіркелген, биыл кене шағу 2,8 есеге жоғарылау орын алды.

 Ауданда КҚГҚ ауруынан қолайсыз 19 елді мекен анықталған, олар Жаңақорған кенті, Төменарық, Екпінді, Сунақата, Шалхия, Құттықожа, Бірлік, Қыраш, Қосиенкі, Кеңес, Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен, Өзгент, Машбек, Байкенже, Билібай ауылдары. Қолайсыз елді мекендерге көктемде және күзде кенеге қарсы заласыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Облыс әкімі орынбасарымен «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында 2022 жылы күзгі эпидмаусымда жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының кестесі» бекітілді.

 Жаңақорған ауданында қолайсыз 19 елді мекенде мал қоралар мен ауылшаруашылық малдарын кенеге қарсы залалсыздандыру жұмысы кестеге сәйкес 21 қыркүйектен 20 қазан аралығында2 кезеңде жүргізіледі, мысалы Жаңақорған кентінен қыркүйек айының 21-22 күні 1-ші кезең басталады, Төменарық ауылында 23-24 қыркүйекте, Екпінді қыркүйектің 24-25 қыркүйекте, Сунақатақыркүйектің 25-26 күні, Шалхия қыркүйектің 26-27 күні, Құттықожа 27-28 қыркүйекте, осылай кестеге сәйкес 19 елді мекенде заласыздандыру жүргізіледі.

 Жаңақорған ауданының 19 қолайсыз елді мекенінде тұратын тұрғындарын күзгі кенеге қарсы заласызданыру басталғанға дейін мал қораларға механикалық тазарту, яғни қораларды көңнен, қидан тазарту жүргізіп кенеге қарсы заласыздандырудың сапалы жүргізілуіне үлес қосуға шақырамын.

Шынар Айдарова, Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы
23 тамыз 2022 ж. 427 0