Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден сақ болайық

Кенеден сақ болайық


     Көптеген жұқпалы аурулардың таратушысы кенелер болып табылады.Аса қауіпті Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы иксодес тұқымына жататын кенелердің   шағуынан таралады. Аудан көлемінде иксод кенелерінің 5-6 түрі кездеседі. Кенелердекөз болмайды,бірақ сезімталдығы өте күшті. Кенелер 5 мыңнан 20 мыңға дейін жұмыртқа салады. Ауру таратушы кене100 пайыз вирусты өз ұрпағына бөледі малға немесе адамға жабысқан кене 6-7 күн қан сорудың арқасында ісінеді. Қан сору кезінде сілекейімен бірге ауру қоздырғышын денеге таратады. Мал немесе адам денесіне жабысқан кенелер тұрғын үй, қораларға әкелінеді. Кейде дененің ашық қалған қолайлы жерлері – қарынға, мойынға, қол-аяққа жабысып қан сорады. Саяжайға, табиғатқа, аң және балық аулауға, егінге, шөп оруға, мал бағуға, су жағажайына демалуға шыққанда, сақтық ережелерінің  сақталғаны абзал. 
       Кененің кездесуі шілде айына дейін, ары қарай күз айларына дейін созылады. Жылы күндері кенелердің белсенділігі таңертеңгі сағат 8-11 аралығында байқалып, түс кезінде бәсеңдеп, кешкі сағат 17-20 аралығында қайта жалғасады. Кене жабысқан малдар әр түрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Оны малдың сүтінің азаюынан, арықтауынан, шыдамсыздануынан байқауға болады. Қанға  тойынған кене дененің жабысқан жерінен түсіп, көлеңкелі тасалау қуыстарға жасырынып жұмыртқалайды да, келесі көктемде жаңа кенелер пайда болады. Адамның денесіне байқаусыз жабысқан кене, тұмсығын теріге сіңіріп қан сорады. Денеге жабысқан кенені адамдар бірнеше күнге дейін сезбеуі мүмкін. Тек ойда жоқта сезіп, немесе біреудің байқауымен ғана жабысқан кенені аңғаруға болады. Малы бар адамдар көктем-жаз айларында өте сақ болғаны жөн. Өйткені өрістен қайтқан мал кенені өзімен бірге ала келеді. Кене адамға жабысқан жағдайда, оның тұмсығы жабысқан жері тері арасында қалып қойып, кейіннен сол жердің іріңді жараға айналуына әкеп соқтырады. Сондықтан қадалып тұрған кененің тұмсығына тігін жібін орап, арлы- берлі қозғап алу керек. Тек тұмсығы денеде қалып қоймауы керек. Кене алынған жерге йод ерітіндісін жағу керек. Денесінен кене алынған адам 12 күн аралығында дәрігерлік бақылауға алынады.
      Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы  ауруының кейбір белгілеріне тоқталатын болсақ, жалпы селқостық байқалады да, дененің әр жері қанталап, қан кетуі мүмкін (мұрыннан, тері астынан, ішек-қарыннан, көзден, құлақтан, тіс еттерінен т.б.). Басы қатты ауырып, сүйек буындары сырқырайды. Әсіресе мынаны ескерген жөн. Аурудан аққан қан екінші адамға жұғатын болса, сол екінші адамның да ауруға шалдығуы мүмкін. Көктемгі айларда мал үстіндегі кенені көптеп көреміз. Мал қырқымы кезінде қырықтықпен  кенені кесіп кетеді де, оның қаны қырықтықшының қолына жұғып ауруға шалдықтыруы мүмкін. Мал денесіне жабысқан кенені жалаңаш қолмен жұлып алып тастауға мүлдем болмайды.    Әркезде есте сақтайтын нәрсе, далада еңбек атқарған да, немесе орман тоғай аралап келгеннен кейін, сыртқы киіміңізді, денеңізді мұқият қарағаныңыз жөн, өйткені кене сол киімге жабысып келуі мүмкін.
         ҚР ДСМ «ҰСО» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалы
Жаңақорған аудандық бөлімшесі.    
27 шілде 2022 ж. 492 0