№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көктемде кенеден келер кесел көп

Көктемде кенеден келер кесел көп


Көктем жақындап, күн жылыған соң буынаяқтылар, оның ішінде кенелер оянғаннан кейін, аудан Конго-Қырым Геморрогиялық қызбасының табиғи ошағы болғандықтан, медицина қызметкерлері бұл инфекцияға қырағылықты күшейтеді. Көктем, күз айларында ауыл шаруашылық малдарын, мал қораларды, мал көп жиналатын жерлерді кенеге қарсы залалсыздандырғанмен, халықтың кене шағып, медициналық көмекке жүгінуі азаймауда, сонымен қатар Конго-Қырым геморрагиялық қызба­сын жұқтырғандар да тіркелуде. 2018 жылы кене шаққандар 128 болса, оның 66 бала, КҚТҚ-мен ауырғандар 2, 1-уі қайтыс болса, 2019 жылы кене шаққандар 125 болып, 41 балалар, КҚТҚ-мен ауырғандар 2. Көп жылдық талдаулардың қорытындысы бойынша КҚТҚ-ын жұқтырғандардың 40% проценті өлім-жітіммен аяқталады екен. Сондықтан, қазірден бастап бұл инфекцияның алдын алу шараларымен айналысқан жөн деп есептейміз.
Бірінші. Аудан әкімшілігі жанынан құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу комиссияның жұмысын жандандыру қажет. Ол үшін тиісті мекемелердің КҚТҚ-ның табиғатта таратушысы, кенелердің ауылшаруашылық малдарда, мал қораларда, мал көп жиналатын орындарда санын ерте анықтап, соған байланысты ерте көктемде, ауа райы жылы болатын болса, наурыз айынан қалдырмай, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру қажет.
Екінші. Кенеге қарсы жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының сапасына да, көп мән берген жөн. Залалсыздандыру жұмыстары ірі қара, уақ тағы да басқа ауылшаруашылық малдарын залалсыздандыру дәрі-дәрмегін шашу арқылы емес, тоғыту ванналары (купочные ванны) арқылы жүргізілсе, тиімді болар еді. Себебі шашу арқылы жүргізілген залалсыздандыру, малдардың кене жабысқан жерлеріне (қолтығы, шаты, басы) тимейді де, жабысқан кенелерге дәрінің әсер етуі күман туғызады. Сондықтан бұл мәселені сала мамандарымен мұқият талқылау қажет. Малдардағы кенелерді залалсыздандыруға дейін, және одан кейін жинап, санын, түрін анықтау қажет. Үшінші: Сапалы анықталған ауыл шаруашылық малдардың саны мен сапасы, сапалы жүргізілген залалсыздандыру жұмыстары, кене­лерді жойып, кене шағумен медициналық көмекке жүгінгендердің санын азайтып, Конго-қырым геморрагиялық қызбасының халық арасында тіркелмеуіне алып келер еді. Төртінші: Аудан халқының, ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысқан кезде (шөп орғанда, мал қырқымға барғанда т.б.) кенеден сақтану шараларын сақтау қажет.

Асқан Отарбеков,
аудандық емхананың
дәрігер-эпидемиологі

04 наурыз 2020 ж. 939 0