№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР.

ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР.




Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Еңбекті қорғау жөніндегі Үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауы өткен болатын. Байқау қорытындысымен: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғарғы білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары қатысқан сайыста жерлесіміз «Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК техникалық инспекторы Асанов Нұртуган Шымырбекұлы І орын, 250 000 теңге сертификатын иеленіп, құрмет төрінен көрінді.
Осы орайда, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі ұжымының ұйымдастыруымен әріптестері Нұртуган Шымырбекұлын арнайы құттықтау мақсатында кең көлемді құттықтау шарасы өткізілді. Кәсіби маманның айтулы жеңісін құттықтау үшін Қызылорда облысының Білім және Ғылым қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымының төрайымы Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы, аудан әкімінің орынбасары Erzhanov Onal оқу ордасына арнайы келіп, ыстық лебіздерін білдірді.
Айта кететіні, колледждегі Еңбек қорғау инспекторы Асанов Нұртуған Шымырбекұлы бұған дейін Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың және облыстық Білім саласының арнайы "Алғыс хаттарымен" марапатталған.
Білім саласындағы табанды еңбегі еленген жерлесімізді құттықтаймыз!
30 сәуір 2022 ж. 397 0