Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 128

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 146

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 966

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 469

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 668

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 656

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі

Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі

 Үстіміздегі жылдың 30-қарашасында аудан орталығындағы №110 мектеп-лицейде  «Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында көшпелі облыстық семинар болып өтті.

 Семинар жұмысына аудандағы білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары,еңбекті қорғау жөніндегі техникалық еңбек инспекторлары,мектептердің іс жүргізуші-мамандары қатысты. Семинарға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қызылорда облыстық комитетінің заңгерлері  Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы, Утегенова Нұргүл Сабырқызы,  бас есепшісі Туребаева Марал Дүйсенбайқызы, аудандық мұрағат маманы Мұсаханова Рахат  қатысты. Облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Утегенова Нұргүл «Ұжымдық шарт - жұмыскерлер мүддесін қорғау мәселесіндегі басты құжат» тақырыбымен баяндама жасап, ұжымдық шарттың маңыздылығына, ұжымдық шартта кәсіподақтың заңды құқықтарын жүзеге асырудың нақты бағдарын белгілеуге болатыны және әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді механизмін құруға ықпал ететініне кеңінен тоқталса, ал заңгер Ербол Жұбатқанов өз кезегінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі , техникалық инспектор жұмысының ұйымдастырылу тәртібі мен маңыздылығын, жұмыс барысында қолданылатын құжаттардың толтырылу реттілігін слайдтар мен құжаттардың көмегімен түсіндіріп өтті. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың бақылауды   жүзеге  асыру  тәртібі  туралы  және  техникалық инспектор күнделігінің толтырылу реттілігін айтып өтті.
Бұдан соң сөз алған аудандық мұрағат маманы Р.Мұсаханова мекемелердегі іс-құжаттарының өз мерзімінде мұрағатқа өткізілуі,оның заңдылықтары мен тәртібіне тоқталды.
  Бүгінгі өткен семинардан білім саласы мекемелерінің іс жүргізуші мамандары құжаттардың Еңбек заңына сәйкес толтырылу реттілігі мен рәсімделуі жайлы толық ақпарат алса, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары мен техникалық инспекторлар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық инспектор күнделігінің толтырылуы жайлы әдістемелік көмек алып, қатысушылар көкейлерінде жүрген еңбек қатынастарына байланысты сұрақтарын ортаға салып,тиісті жауаптарын ала алды.Семинар жұмысын қорытындылаған аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Сатершинов барлық қатысушыларға,сондай-ақ семинар жұмысының өз деңгейінде өтуіне атсалысқан Облыстық кәсіподақ комитетінің мамандарына алғысын білдірді.
                                           Айсұлу Пазылова.
04 желтоқсан 2018 ж. 855 0