Уақыт озып, адам азып бара ма?
Күнделікті күйбең тіршілікке зер салсақ, асығысып жүрген бір адам. Тағат таппаған көңіл әрнәрсеге алаңдаулы. Осылай уақыттың көшіне ілесемін деп әуре-сарсаңға салынған сан мыңдаған халық құндылықтан арылып, тозып бара жатқандай көрінеді. Тіпті жақын адамдарымыздың жанынан табылап, мұң-мұқтажын тыңдау түгіл халін сұрауға қол тимейді ме, қалай?
Кеше емханада талон алу үшін ұзын сонар кезекте тұрғанбыз.
Бір апам айтты:
– Құдай жоқ деген дәуірде халық рухын жоймай, бір-біріне демеп, жәрдемдесіп, асарлатып, көмек ететін. Бүгін көмекке шақырса да бармайтын қатыгез заман болды ғой ...
– Бір әңгіме айтайын...Жас келін едім. Алыс туыс қайнағам мектепте директор болды. "Елден ұят, сендерге үй салам" деп 2 бөлмелі кепе соғып, мектептен есептен шыққан 2 орындық пен парта әкеп берді. Соның өзі бізге үлкен өмір бастауға негіз болды. Кешке мектеп жұмысынан келе сала, іске кіріскенде ауылдағы үлкендер мен жастар директордан"ұялғанынан" асарға келетін. Ешқайсысы бұл қарекетін міндет етпеді. Бірде асаршыларға тамақ етуге еш азығым болмады. Осы олқылығымды көршім Назым апа айтқызбай сезіп, үйінен картоп қуырып алып келген еді."Асқа келдіңіздер" дегенім сол еді:
– Әй, майтабан өңшең... үйлеріңе тараңдар... – деп жастарды қуып жіберетін.
Осы сөзді естімеу үшін жастар жағы ас иісі шыға бере жәймен ізін суытатын. Сонда жастар түсінігінде дастархан төрінде тек үлкендер отырады деп ойлайтынбыз. Қазір ше? Жастар жағаласып, өсек-аяңға тым жақын. Ол кезде көршілердің арасында бала бөлу болмайтын. Тұрмыстық затымыз бен дүние ортақ еді. Ал бүгінгі күні осындай қасиет қазақтан жырақтап бара жатқаны қалай? Көрші, ағайын, ауылдастың қадірі, орны өзгерді.
– Рас, Марияш-ау, бүгінде жастар басқаша. Қоғамдық орындарда үлкенге жол беру, екіқабат әйелге кезек беру, балалы анаға құрмет көрсету мүлдем жоқ. Осы менің қабырғама батады. Кеңес дәуірінде де имандылық, инабаттылық, мәдениет жоғары болды. Ал, қазір "тәуелсіз" деген ұғымды кері ұғынатын секілдіміз.
–Туу, сіздер-ақ қара аспанды төндіріп жүреді екенсіз. Қазір техника дәуірі. Жұртқа орын беріп, "тәртіпті" болып тұрғанда компьютер не портал істемей қалса, жұмысым кері кетеді. Әйтпесе, сыйластықты білмейді ғой деп пе едіңіз?!
–Шырағым, шу көтерме... Заман сендердікі....
Ойымды жинай алар емеспін. Сан зілмат заманды көрген бабамызда арсыздық жоқ еді-ау. Интернетке байланған қызмет қадір-қасиетімізді таптағаны ма? Кезекке екі сағат бұрын келіп тізіліп, енді ғана қолжеткен кезде өзге тұрмақ өз туғаныңа жол бере алмайтындай заман болғаны ма? Бақсақ, технология дамыған сайын адами қасиеттерден арылып, пендешілік пейіл басым болып барады. Әйтпесе, мүсәпірге қайырымдылық еткенін жаһанға жар салмайтын, өткенін міндет етпейтін, үлкеннің алдын кесіп өтпейтін дана халық емес пе едік?! Расында, заманына қарай адамның пейілі өзгере ме екен, ә! Қалай ойлайсыздар?
Мақпал МАРҚАБАЙ