№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Фарао Ф1»: САПАЛЫ ӨНІМ, ӨТІМДІ БАҒА

«Фарао Ф1»: САПАЛЫ ӨНІМ, ӨТІМДІ БАҒА

Жайылмалық диқан Абай Көрпебаев биыл қарбыздың жаңа тұқымын егіп, мол өнім жинады. Ол ауылда бұрын егілмеген «Фарао Ф1» деп аталатын голландиялық ұрықты жерсіндірді. Әуелі 1 гектар аумаққа тәжірибе ретінде еккен қарбызы санаулы күнде «қазан» болды. Себебі, элиталы қарбыз түріне нарықта сұраныс жоғары. Сопақ қарбызды ауылдастары ауызекі тілде «қозы қарбыз» деп атап кеткен. Өйткені, сопақша қарбыз жерде томпиып жатқан қозыға ұқсайды екен. «Жақсыны көрмекке» деп бізде бардық жайылмалық диқанның егіс алқабына.
Атшаптырым аумақты алып жатқан егіс алаңында қызу қарбалас. Сайдың тасындай іріктелген жігіттер соңғы жүк көлігіне «қозы қарбызды» артуда. Біз де амандық-саулық сұрап, Абай Көрпебаевты сөзге тарттық.
– Аға, қарбыздың жаңа сортын егу қайдан ойға келді?
– Негізі диқаншылық біздің отбасылық кәсіп. Атакәсіпті арқау еткелі 20 жылдан асты. Ризық-несібемізді осы жерден табамыз. Үйдегі жеңгең ерте көктемде бақша өнімдерінің тұқымын сатумен айналысады. Содан маған: «Фарао Ф1» деп аталатын голландиялық тұқым бар екен. Алайда жай тұқымнан бағасы он есе қымбат. Ал, өнімі жақсы» деп кеңесін айтты. Шынында жай қарбыздан ерекшелігі көп екен.
– Ол қандай ерекшелік?
– Біріншіден, жері құнарлы болса гектарына 100 тоннаға дейін өнім береді. Екіншіден, негізгі салмағы 15-17 келі. Ал, үлкендері 35 келіге дейін тартады. Сосын шығымы да 100 пайыз. Үшіншіден, элиталы тұқым болғандықтан нарықта сұраныс жоғары. Біз биыл ауылда су тапшылығына байланысты 1 гектар аумаққа ғана ектік. Сәтін салса, келер жылы егіс көлемін ұлғайтамыз.
– Жалпы қанша күнде піседі екен?
– Негізі 80 күнде піседі. Өнімділігі өте жоғары. Орташа есеппен гектарына 80-85 тонна алсаң, ал жерің құнарлы, бабы жақсы болса 100 тоннаға дейін алуға болады. Жаңа тұқымның тағы бір ерекшелігі, бағасында. Элиталы тұқым болған соң, жай қарбыздың сортынан он есе қымбат. Гектарына 100 мың теңгеге шығындалуға тура келеді. Десе де, бұл өзін-өзі ақтайды.
Бір сөзбен айтқанда, «Жиделі» шаруа қожалығына мүше Абай Көрпебаевтың шаруа­сы көпке үлгі. Жаңашылдыққа жаны құмар диқаншы бүгінде ала жаздай еккен қарбызын Солтүстік Қазақстанның нарығына жөнелтті. Егер баға көңілге қонымды, сұранысы жақсы болса Ресей асыруға да мүмкіндік мол. 
Осы тұста, біз дала алқабына жол бастап барған Жайылма ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Икрам Абуовты сөзге тарттық. Оның айтуынша, өткен жылы 4754 тонна жайылмалық диқандардың дәмді қауын-қарбызы Ресейге экспортталған. Бас маманның сөзінен белгілі болғандай, биыл «Бектас» шаруа қожалығы 40 га, «Жиделі» ш/қ 45 га, «Шоқымазар» 34 га, «Мырзатай» ш/қ 28 га, «Өтеш» ш/қ 26 га, «Береке и О» ш/қ 22 га, «Асхат» ш/қ 21 га, «Диқанбаба» ш/қ 11 гектар аумаққа бақша өнімін еккен. Басым көпшілігі бүгінде қарбызын жинап, алыс-жақын облыстарға пұлдаған.
– Жайылма ауылы қашанда бақша және көкөніс өнімдерімен танымал. Жылдан жылға бақша дақылдарын ерте пісірудің әдісін дамытып, көшеттеп егу тәсілін қолға алғалы жақсы нәтиже беруде. Десе де, биыл қауын дәні аз себілді. Өйткені, «Жиделі» су қоймасында жиналған су тек 90 күндік қарбызды пісіруге жетті. Ал, қауын ары қарай мерзімі созылатындықтан су жетпей қалу ықтималдығын ескеріп, басымдықты қарбызға бердік, – деді ауыл әкімдігінің бас маманы Икрам Абуов.
Иә, қарбыз егуді қаржы көзіне айналдырған жайылмалық диқандардың еңбегі еселі. Олардың еккен экологиялық таза өнімін сатып алуға жұртшылық ерекше ықыласты. Әсіресе Абай Көрпебаевтың еккен голландиялық тұқымы биыл көптің айрықша назарын аударды. Өйткені элиталы сортқа сұраныс өте жоғары болды. Бұлда болса, жаңашылдық пен ізденімпаздықтың ізгі жемісі деп білеміз.
29 шілде 2018 ж. 1 578 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 20:45
Kamagra Soft Tabs Buspirone best place to buy finasteride Amoxicillin Trihydrate 250 Dosage

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 22:31
Buy Generic Viagra Online Usa acheter viagra pfizer france How To Buy Clomid On Line