№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қыздарға – әсемдік жарасады

Қыздарға – әсемдік жарасады



Қыз өссе - елдің көркі,

Гүл өссе - жердің көркі  дейді, қазақ атамыз. Қыз баласын құрметтеп, қызға қырық үйден тыйым деп, тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарайтын, қыз баласын аялы алақанына салып, мәпелеп, көзінің ағы мен қарасындай бағалайтын елміз. Ертеде ата-бабаларымыз қыз-бала қонақ деп, төрге шығарып құрметтеген. Үлкен келсе, иіліп сәлем беруді,қонақ келсе күлімсіреп қарсы алуды үйреткен. Қыз-бала үйде қонақ болса, ертең  бір шаңырақтың айнасы ретінде, тәлім- тәрбие берген.Шешесіне қарап қызын ал, аяғына қарап асын іш” деген мақалды да үлгі тұтқан. Қыз-баланың тәрбиесінде, анасының орны өте маңызды. Анасы қызына тию жасап, ізгілікке баулыған.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамда бұл қазақилықтың тәрбиесін көрген қыздар кемде-кем. Қазір еркіндік.Үйдегі тәрбиенің немқұрайлылығы.көрсеқұмарлық пен аяқты аңдамай  басудың арқасында қателікке ұрынып, абыройынан айрылып, бар өмірін қор қылып жатқан қыздар қаншама? Қызың ибалы да  әдепті,  сөзі түзу, ісі түзу, киімді бойына жарастырып киіп, жымиып қана күліп, сызылып жәймен жүріп, айтқаныңды екі етпесе-ажарың. Ал тіліңді алмай бедірейіп, кісі көрсекекірейіп, етегін кесіп,  омырауын ашып, көше ортасында қарқылдап күліп, көрінгенге көзі түссе- азабың.Бұл қазақ қызына тән қылық емес болғандықтан жүрегің қанжылайды. Қаракөздеріміздің қылық тәрбиесін, сол қалпында сақтап қалсақ деген ой әрбір қазақта қалыптасса дегім келеді. Қыз болашағы – ұлт болашағы. Қыздарымызға жақсы тәлім-тәрбие беріп, бағалай білейік.

Арай ТОҚСАНБАЕВА
23 маусым 2021 ж. 1 119 0