№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайран, қазақ қыздары-ай!

Қайран, қазақ қыздары-ай!

Ертеде ата-бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көрді. Қыр гүліне тән нәзіктік пен батылдық бір бойына жарасқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушыларымыз шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін өлеңге қосты.
Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты болуын қадағалап отырған және еркін ұстаған. Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған. Алайда бүгінгі таңда көптеген ата-аналарға қарап отырып, дәстүрден жаңылғандай күй кешеміз. Қыздарының белі бесіктен шықпай жатып, ашық-шашық киіндіріп, сән қудырып, мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді. Есіл-дерті киім болып тұрған баланың ойында оқу, білім алу деген ой қайдан болсын?! Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ, солардың бір сарынын күнделікті көзімізбен көріп жүрміз. Қыз баланың ең қасиетті жері, әрине, ол құрсағы емес пе? Дегенмен көптеген аруларымыз өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырды. Әр адамның көзі түскен, ер азаматтарымыздың ойы бөлінген кіндік тұсындағы құрсақта пайда болып, жетілген нәрестеден тәлімді болуын қалаймыз.
Бүгінгі қыздарымыз – ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болары белгілі. Сондықтан иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзден таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән бергенін естен шығармайық.
Елдің ертеңі қыз тәрбиесіне тікелей байланысты екенін ескерсек, салт-дәстүрімізден негіз алатын халықтық педагогика аясында жас ұрпақты сусындату аса маңызды іс.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәні де осы ұлттық тәрбие беру арқылы, ұлттық кодты жаңғыртумен ұштасып жатыр.
Айдана АСАНОВА

21 ақпан 2021 ж. 1 205 0