Ер есіміне көше берілді
Жақында Қарт Қаратаудың қойнауындағы Қосүйеңкі ауылында Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, туған жерінде білікті басшы бола білген Алтынбек Нұржігітұлының атына көше атауы берілді. Тұлға есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында ауыл орталығынан бұрынғы Қайнар көшесіне Алтынбек Нұржігітовтың есімін беру салтанатты жиынға ұласты.
Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Оңал Ержан ашып, ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді. Сөз тізгінін соғыс ардагерінің балалық шағын, елге еткен еңбек жолын, қызметін тереңірек таныстырды.
Алтынбек Нұржіітұлы Кеңес өкіметі Қазақстанда енді орнығып, буынын тіктей бастаған 1923 жылы қарт Қаратаудың қойнауындағы Ынтымақ ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Балалық шақтың базары «Кіші Окябрьге» тура келіп, абырой болғанда қазақ даласын қынадай қырған аштықтан аман қалады. Өмір оны ерте есейтті, 15 жасында тіршілік қамы, отбасы жағдайына байланысты «Ынтымақ» колхозына жұмысқа кірді. Колхоздың ауыр тұрмысына төзген жас жігіт оқуын қайта жалғастыруға ынталы еді, алайда, соғыс басталып, оқу жайына қалды. Мектепте жақсы оқыған Алтынбекті аудандық оқу ағарту бөлімінің басшылары шақырып, соғысқа кеткен мұғалімнің орнына ауылдағы мектепке мұғалім етіп жіберді.
1942 жылдың ақпан айының соңына оған әскерге шақырылғандығы жөнінде шақырту келеді. Соғыс даласында көрсеткен ерлігі үшін Курск доғасында ол алғаш «За отвагу» медалін алса, Украина жерін фашистерден тазарту кезінде «За боевые заслуги» медалімен марапатталады. Бірнеше рет жеңіл жараланғанымен алғы шептен кетпеген Алтекең Польша жерін жаудан тазартып, 1945 жылдың 9 мамырын Берлинде қарсы алады. Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін Алтекең бар зеңбірекшілер Жапон майданына аттанады. Манчжурия жеріндегі өткен қысқа соғыстардан кейін Жапон милитаристері жеңілгендігін мойында тізе бүккен соң, олар жыл аяғына дейін Қиыр Шығыста қызмет етіп, жыл соңында Мәскеуге жақын жердегі Полтавск қаласына келіп орналасады.
Соғыстан орала салысымен оны жұмысқа шақырған колхоз басқармасы оны есепшілік қызметке тағайындап, арада үш жыл өткенде қойма меңгерушілігіне ауыстырады. Мұнан кейінгі 1953-1956 жылдар аралығында Ақтөбе ауылдық кеңесі атқару комитетінің хатшылығына сайланса, 1957 жылы «Бірлік» кеңшарында алғашқыда жабдықтаушылық (экспедитор) қызметіне тағайындалады. Осы кездері Алтынбек Нұржігітов өндірістен қол үзбей Қызылорда ауылшаруашылығы техникумын зоотехник, кейін Алматы ауылшаруашылығы институтын сырттай оқып агроном мамандығын алып шығады. Қай кезде болмасын өзінің елгезектігімен, тапсырылған жұмысқа тындырымдылығымен, ізденімпаздығымен көзге түскен жігіт басшылық назарынан тыс қалмай 1964 жылдың сәуір айынан сол кеңшардың №3 бөлімшесінің меңгерушілігіне тағайындалады. Осы күннен бастап қашан зейнет демалысына кеткенше жиырма жылға жуық бөлімше меңгерушісі қызметінде жүрді.
Осы жылдар аралығында іскерлігі мен ұйымдастырушылық қасиеті басшылық тарапынан лайықты бағасын алған Алтекең «Ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» және «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Қой шаруашылығын дамыту мен жоғарғы сұрыпты қаракөл елтірісін өңдеп мемлекетке өткізудегі еңбегі бағаланып жоғарыда аталған орден-медальдан өзге 4 рет бүкілдақтық халықтар жетістігі көрмесінің алтын-күміс медалімен және ІІІ дәрежелі дипломымен, Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Халық жасаған ісі мен қызметіне сүйсіне біліп, қадірлеп Алтынбекке зор сенім артып 30 жыл бойы үздіксіз халық қалаулысы атанды.
Орынында бар оңалар демекші одан тараған ұл-қыздар мен олардың ұрпақтары елдің түкпір-түкпірінде әр салада еңбек етуде. Жиын соңында Алтекеңнің немересі Нұралхан Әсілбекұлының құрастыруымен, қызы Гүлсараның демеушілігімен Алтекең туралы «Тереңге тартқан тамырын» атты естелік кітаптың тұсауы кесілді. Әрі батыр рухына арналған волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Келесі кезекте «Қосүйеңкі» ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы Нұржан Дүйсенов соғыс және еңбек ардагері Алтынбек Нұржігітұлының есімін беру туралы ауыл әкімінің шешімін жария етті. Келелі жиында Алтекеңнің шәкірті, әрі осы ауылды 11 жылға жуық басқарған Әбутәліп Бәкіров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, қарт жүргізуші Есенқұл Кемелбеков, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Алмас Бекжігітов, ардагер ұстаз Жолдықұл Сәрсенбаев, ауыл ағасы Қалмұрат Мұсабеков сөйлеп, Алтекеңнің халқына жасаған қызметі мен оның адамгершлік қасиеттері туралы жылы лебіз білдірді.
Салтанатты рәсім соңынан жауап сөз алған Алтынбек Нұржігітовтің қызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлсара Алтынбекқызы сөз сөйлеп, әкесінің атынан көше атауын беруге үлес қосқан барша азаматтарға ризашылығын білдірді.
Мұнан соң марқұмның отбасында ас беріліп, ер рухына Құран бағышталды.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК