№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Соғыс ардагері ұлықталды

Соғыс ардагері ұлықталды


Соғыс және еңбек ардагері Оразбек Жұмаділлаев атына Қыркеңсе ауылдық округінде көше беріліп, есімі ұлықталды. Артында қалған ұрпақтары Құран бағыштап, батыр ерлігін естеліктерімен елге жеткізді.


Алдымен батыр жайлы аз-кем мәлімет келтіре кетейік. Оразбек Жұмаділлаев 1922 жылы Өзгент өңіріндегі Қыркеңсе аймағында дүниеге келген. 1927 жылы ұйымдасып ашылған Қыркеңесе колхозында мектеп табалдырығын аттайды. Есейе келе колхоздың тыныс-тіршілігіне араласып, комсомол қатарына өтеді. Алайда, ұлы майдан басталып, 1942 жылдың көктемінде Оразбек жауынгер де соғыс даласына аттанады. Ол Батыс майдандағы Мәскеу, Туга, Калуга бағытындағы ұрысқа қатысады. Одан әрі Сталинград түбіндегі қанды қырғынға кіріп, немістердің алғашқы беті қайтқан тұста болды. Кеңес әскерлері жүріп өткен Польша, Чехословакия жері арқылы, Германияға дейін жаяу әскер қатарында соғысқан.
Майданда жүріп үш рет ауыр жараланып, әскери госпительде емделіп, қайта шайқасқа кірген. Жеңіс күнін жау жерінде тойлап, елге мүгедек болып оралады. Міне, ел мен жер үшін батырдың ерлігі осылай көрінді. Батырдың екі ұл, бір қызынан бүгінде немере-шөбере тарап, көбеюде. Көшенің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұсрынбаев сөз алып, алдымен ауыл тұрғындарын Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі ілтипатын білдірді. Батыр ұрпақтарының өнегелі ісіне алғыс айтып, соғыс даласында от пен оқтың, өмір мен өлімнің ортасында жүрген оғландар ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, ардагер ұстаз Зинабдин Шермағанбетов те көпшілікті құттықтап, батыр туралы, оның еңбек жолын дәріптеді. Халық алдында жасаған қызметін көпшілікке жеткізіп, ұрпағына рахметін білдірді. Ағайындар атынан Әлімхан Құрбанбеков өнегелі іске мұрындық болған жақындарға жүрек лебізін жеткізіп, жастарға өнеге болатын істерге қашанда қолдау барын айтты.
Иә, ерлік ешқашан ұмытылмайды, әсіресе, кешегі қан майданда бүгінгі бейбіт күннің бірлігі үшін, жер үшін жан қиған боздақтар, батыр, жауынгерлер мәңгі ұрпақ жадында сақталары анық.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
13 мамыр 2021 ж. 949 0