№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа көшеге ат берілді

Жаңа көшеге ат берілді


Ипподром мөлтек ауданындағы көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері, Жаңақорған ауданының тұңғыш бас имамы болған Тұрсынқожа Шалаповтың есімі берілді. Ұрыс даласында пушка командирі болып ерлік көрсеткен жауынгердің кеудесіне «За отвагу», Қызыл жұлдыз» ордені тағылып, соғыстан кейінгі бейбіт еңбек майданындағы адал маңдай тері үшін «За Трудовое отличие» және «Еңбек ардагері» медалі де табысталған. Одан бөлек имандылық жолында жастардың діни сауаттылығын артуына үлес қосып, шәкірт те тәрбиелей білді. Жалпы алғанда ел үшін еңбек еткен ердің есімін ұлықтап, көше беру үшін майдангердің ағайын-туыстары мен зиялы қауым өкілдері салтанатты шараға қатысты.

– Өткенге үңіліп, тарихымызға көз тастайтын болсақ осынау киелі топырақтан танымал тұлғалар, тума таланттар, батыр бабалар шыққан. Солардың бірі ауыл шаруашылық саласы мен дін жолын насихаттап, ауданның алға өрлеуіне өзіндік үлес қосқан Тұрсынқожа Шалапов атамыз еді. «Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар» деген дана халқымыздың ұлағатты сөзінің астарын бүгінгі ұрпаққа өнеге ете білген Тұрсынқожа атаның ерен еңбегінен аңғаруға болады. Бүгінде әкенің ұлылығын ұлықтап, еңбегін елге таныта білген батырдың ұлағаты біздерге өнеге, – деді аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков.
Ата-бабалары имандылықты ту етіп, Сыр бойына тура талдың тұғырын тіктеуде қызмет еткен тектінің тұқымы – Тұрсынқожа Шалапұлы әке жолымен өмірін ақ діннің жолына арнап, жергілікті жердегі халыққа шариғаттың талаптарын насихаттап, елде тәртіп пен тазалықтың орнығуына үлкен еңбек етті.
Жиында ел ағасы Серқожа Ыдырысов сөз алып, еңбек ардагерінің ерен еңбектерін еске алды.
– Заманында қара жерге маңдай терін төккен Тұрсынқожа Шалаповтың елдің өрлеуіне қосқан үлесі зор. Соғыстан кейінгі жылдарда тылда еңбек етіп, қызметі үшін құрметке көтерілді. Қаншама құрметке бөленсе де қарапайым мінезімен жастарды соңынан ерткен майдангер Тұрсынқожа ата 1981 жылдан 1994 жылға дейін ауданның бас имамы қызметінде болды. Жас ұрпаққа жан-жақты өнеге бола білген асыл ағаның әруағы бір аунап тұрған болар, – деді ел ағасы Серқожа Ыдырысов.
Одан кейін ауданның бас имамы Сайдулла Омаров жылы лебізін білдірсе, ақын Файзулла Сахиев арнауын жеткізді. Ал, кент әкімі Жарасхан Мырзалиев майдангердің ұлыНабихан Шалаповқа көше атауының есімі жазылған төлқұжатты табыстады. Соңына қарай орталық мешітте ас беріліп, Құран бағышталды.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
18 қыркүйек 2019 ж. 667 0