» » Қазақ волейболының атасы

Қазақ волейболының атасы



Қазақ волейболының атасы, осы саланы әлемдік деңгейге көтерген біртуар азамат, КСРО еңбек сіңірген қайраткері Октябрь Жарылқаповтың есімін ел арасында насихаттап, атқарған ерен ісін жастарға үлгі ету мақсатында Байкенже ауылында спорт саңлағының атына көше берілді. Ашылу салтанаты мен аудандық волейбол жарысына ұласқан салтанатты жиын мешітте спортшы рухына арналып, ас берумен жалғасын тапты.


Мәдени жиынға арнайы келген Октябрь Жарылқаповтың туыстары Бейбіт Ақпанбетов пен Асылбек Бекпенбетов волейболшының өмірі, туыстары, қазіргі ұрпақтары жайлы сыр шертті.


Ал, көшенің ресми ашылуында  аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов сөз сөйледі. Сондай-ақ, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Балтабай Серкінбайұлы, ауылдың ардагер тумасы Еркінбай Өтебеков пен ардагер жаттықтырушы Алқадыр Байдалиев барша тұрғындарды құттықтап, ақжарма лебізін ақтарды.


Ауылдық және кенттегі ардагер волейболшылардың басын қосқан аудандық турнир жалғасын табуда.
07 маусым 2019 ж. 1 483 0