№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Карантин: балаға бақылау бар ма?

Карантин: балаға бақылау бар ма?


Әлемді дүрліктіріп, санаға сілкініс салған пандемия экономика мен инфляцияға өз кесірін тигізгені ақиқат. Жоқтан барды жасаған адамзат кішкентай ғана көзге көрінбес вирустың алдында қаншалықты дәрменсіз екенін жете түсінді. Сайып келгенде, адамзаттың ақылы, болашағы саналатын білім мен тәрбие де ақсаңқырап қалды. Мұндайда қайтпек керек? Карантин кезіндегі бала тәрбиесіне бақылау бар ма? Жазғы каникулға аттанатын баланың тәрбие процесі ата-ана тарапынан қадағалаусыз қалмай ма? Педагог ретінде өз тәжірибемнен тақырып түртуге тура келді...


Мен Гүлстан Абдулаханқызы 16 жылдан бері Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде «Өндірістік оқыту шебері» болып қызмет атқарып келемін. Іс-тәжірибемде психологиялық таным-түсінігі әртүрлі, отбасылық жағ­дайы, түрлі қиындықтары мен проблемалары бар шәкірттермен жұмыс жасап келеміз. Бірі білім мен тәрбиеге берік, жоғары интуициалы болса, енді бірі отбасындағы тәрбиенің осалдығынан өмірден түрлі соққы жеп жатады. Осы тұста айтатыным: «Адамзатқа ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы». Бұл – менің емес, адамзаттың екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің сәуегейлі сөзі.
Тақырыпқа тұздық болсын. Дана қазақ тәрбие тал бесіктен деген. Бүгінгі қоғамда бір бала тәртіп бұзып, оғаш қылық жасаса, үйдегі ата-ананың тәрбиесін емес, білім беретін ортасын, оқытушыларын кінәлайтын кереғар түсінік пайда болды. Адам өмір бойы оқып, білім алуы тиіс. Ал, тәрбие қияға қанат қаққанша. Кез-келген бала ой-өрісі тұрақталып, өз-өзіне келген соң, ата-ананы да, оқытушыны да тыңдамайтыны ақиқат. Түбегейлі шешімді өзі қабылдайды. Мұғалім мың жерден білікті білім бергенімен, оны отбасындағы берік тәрбиемен қатар ұштастырмаса ол баланың болашағы бұлыңғыр. Тіптен, білгенін, жақсыға емес, жаманға айырбастауы да пара-пар. Сондықтан, өз уақытын бағаламай, өзгенің уақытын аялайтын ұлағатты ұстаздарды кінәламас бұрын көз алдымыздағы балаға бақылауды берік етсек жөн болар.
Заманның ағымы бөлек әңгіме. Карантин кезеңі оқу процесіне біршама өзгерістер әкелді. Қашықтықтан оқыту жүйесіне көштік. Бұрынғыдай, балалар мұғалым алдында тапжылмай отырып, білім алмайды. Үйде, отбасы, ошақ қасында әр тұрлі жағдайда білім алады. Мұның да білім процесіне өз кедергісі бар. Алайда, ата-ана осыған қатаң қадағалауы керек. Баланың сабаққа деген зейіні мен ынтасы, қызығушылығы қай деңгейде? Хакім Абайдың қара сөзінде айтылғандай, оқыған, білгенін, ынта-ықыласпен көңілге тоқуда ма? Оны өмірлік тәжірибеде қаншалықты іске асыруда? Міне, мәселенің төркіні осында. Жақсы мен ғибратты, білім мен тәрбиені, адамдық пен адалдықты, парасат пен пайымды оқып, білу аздық етеді, оны көңілге тоқып, өмірде қолдану керек. Мұндай перзенттен жаман тұлға шықпайтыны айқын.
Ақыл емес әрине. Педагог ретіндегі пайым болсын. Қабылдау әркімнің өз еркінде. Алдағы жазғы каникул ата-аналарға жауапкершілік жүгін еселейді. Баланың амандығы, денінің саулығы, сабақтан үш айға босаған баланың қосымша жұмыстармен айналысуы өмірде кездесетін жағдай. Бүгінгідей, алмағайып заманда ата-ананың да бала тәрбиесі турасында сауаты ашық болуы тиіс. Таным-түсінік тереңнен болғаны абзал. Әсіресе, бойжетіп, ержетіп, өтпелі кезеңге өте бастаған жеткіншектердің әрбір жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын қатаң бақылау маңызды. Өйткені, мұндай кезеңде балалардың оқыс оқиғалары тым жиілеп кетіп жататыны бар. Бала – болашақ. Болашаққа бүгіннен дұрыс жол бастасақ, ертеңгі ақталатын үмітіміз де зор болмақ. Сөз соңында, карантин жағдайындағы бала қауіпсіздігі ата-ана қадағалауынан тыс қалмаса екен деген оқытушылық ниетім бар...

ТҮЙІН. Қазақ қара сөзінің зиялысы, Зейнолла Қабдолов; «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе» , – деп ұлағат иелеріне кереметтей қара сөзді ақтарған екен. Өмірлік кәсіп, сүйікті мамандыққа адалдық болар, ата-анаға құлаққағыс болсын деген ізгілік ниет осынау мақланы жазуға итермеледі. Лайым, бала амандығы, қауіпсіздігі мен темірдей тәртібі басты назарда болсын!

Гүлістан Балтабаева,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі

26 мамыр 2021 ж. 400 0