№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дуалды оқытудың келешегі кемел

Дуалды оқытудың келешегі кемел

Әлемдік білім беру тәжірибесінде дәлелденген оқыту технологиясының бірі - Дуалды оқыту. Дуалды оқыту - бұл студенттердің сабақ процесінің үштен бір бөлігін теорияға арнауға, ал өзге бөлігін өндірісте өтуге басымдық беретін оқыту бағдарламасы. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіндегі "Дуалды оқыту технологиясына" көшкен мамандықтың бірі - Аспаздық сала. Бүгінде Аспаз мамандығына арнайы 200 орындық еуропалық стандартқа сай асхана жасақталды. Міне, осындай инновацияны игілікке пайдалану мақсатында Ақмарал Досанованың ұйымдастыруымен
"Аспаз" мамандығының 110 тобымен "Қатпарлы самса дайындау" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Алдымен "Үй жағдайындағы висквит" тақырыбы аясында үй тапсырмасы сұралып, жаңа сабақ арнайы бейнероликтер арқылы түсіндірілді. 45 минуттық теория сабақ барысында Ақмарал Досанованың тың тәжірибесіне студенттер де өзіндік үлес қосып, белсенділік танытты. Арнайы семинар-сабаққа қатысқан колледж директоры Жомарт Шауенов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Талғат Шарап, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Абилбашар жоғары бағасын берді. Сабақ процесі әрі қарай асханада өндірістік оқу шебері Гүлстан Балтабаеваның жетекшілігімен жалғасын тапты. Шәкірттер практикаға қатар ұштасқан сабақ барысында өз қолдарымен қатпарлы самса дайындап үйреніп, тиімді тәсілдерді тәжірибеде пайдаланды.

09 ақпан 2020 ж. 816 0