№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аутизм ауру ма, артықшылық па?

Аутизм ауру ма, артықшылық па?


Еліміздегі 3 жасқа дейінгі балалар денсаулығын тексеру барысында генетикалық сараптама қорытындысы 35 мыңнан астам баладан аутизм белгілерін анықтады. Дәрігерлер бұл кеселдің соңғы 3 жылда күрт өскенін айтады. Қанымызда болмаған қасіретті дерттің аудандағы ахуалы қалай? Айрықша ем-шипа мен дүниетанымын арттыруды қажет ететін індетпен қандай іс атқарылуда? Ерекше жағдайдағы балалары бар ата-аналар нені ескеру керек?

Ауданда аутизм диогнозымен тір­кел­ген 521 науқастың қабілетіне сай, педогогикалық-психологиялық көмек беру жолдары қарастырылған. Дәрігерлердің арнайы нұсқаулығы бойынша аудандық психологиялық-педогогикалық түзету ка­би­­нетіне келіп тегін кеңес ала алады. Ашық айтуымыз керек, аутизм түр-түрге бөлінеді. Оның ішінде зейіні бар, бірақ тұйықтық, ашушаңдылық секілді деффектісі бар балалар біздің орталықтан шипалы дәрістерді мамандар көмегімен бірге алады.
Аутизмі бар балаларды ата-анасы аңғармауы да мүмкін. Бала 3 жасқа келгенде сөйлемесе, бөтен адамға жатырқауы басым болса, өзі қатарлы балалармен қосылып ойнамаса, жеке дара жүргенді ұнатса, не бір музыканы ыңылдап айта берсе, бір сөзді 3 реттен көп қайталаса онда ол баланы шұғыл психологиялық тексеруге апару маңызды. Осы жаста анықталған аутизм жазылып шығу пайызы жоғары болатынын көп ата-ана біле бермейді. Бірінші сыныпқа барған бала өз аты-жөнін, саусақ санау, отбасы мүшелерін айта алмауы жиі кездесіп, аутизмнің екінші кезеңінде кештеу психологиялық түзету жұмыстарының кеш жүргізілуі белең алуда. Көбіне біздің кабинетке осы кезеңде ғана келіп жатады. Ал, осы жастан кейін анықталған аутизмнің жазылып шығу пайызы да өте төмен болады.
Аутизм балалардың ерекше дарыны болады. Бірі есепке жүйрік болса, енді бірі керемет суретші, ақын, спорт шебері. Әрине, әр баланың ерекшелігін тану үшін әлеуметтік педагог әр қимыл-әрекетіне қырағы болған жөн. Менің тәжірибемде, талай талапты жасөспірімдер болды. Осы дертпен шағымданып келген жас қыздың ақындық өнері барын білгеннен соң, дарынын ашу мақсатында поэзия кештеріне қатыстырып, ақын-жазушылардың кітап­тарын оқыттым. Жазуды білгенімен, ашылып сөйлеуге жоқ. Осы секілді жақсы қырын дамыта отырып, деффектісін жоюға болатынына сенім артамын.
Көп балалар алыс ауылдарда тұрады. Олардың ата-аналарына маман ретінде айтарым, балаға «ауру ретінде емес, ерекше бала» деп қарау маңызды. Ішкі әлеміне үңіліп, кішкентай қабілетін дамытып, қоғамда өз орнын қалыптастыруға күш салу керек. Оны қалай жасаймыз? Үйдегі бар заттармен «Музыкатерапия» жасауға болады. Қасықты тықылдатып, үстелді саусақпен соққылап балаларға ұнайтын ән салу баланы дамыта түседі. «Иппотерапия» атпен серуендеп, таза табиғатқа жиі шығу бала танымын кеңейтеді. «Қуыршақ терапия» жасау үшін арнайы қуыршақтар болмаса да, үйдегі ойыншықтарға жан бітіріп, кейіпкерлерді сомдау да балаға қызықты. «Құм терапиядан» қуат алса, «Пет терапия» жан-жануарлармен жақын болуды үйретеді. Ал ең маңыздысы, ол сіздің «Холдинг терапия» жасауыңыз. Демек, жан жүрегіңізбен, шынайы махаббатыңызды білдіріп балаңызды ыстық құшағыңызда қысып, жүрек нұрын сыйлау. Бұл энергия арқылы бала аутизмге қарсы күш алады. Мұны кәдесіне жарата алған көп ата-аналар балаларының жақсарып жатқанына куә. Әрине, бұл терапияны дені сау сәбилер де қабылдауы керек. Себебі ананың аялы алақаны, кең құшағы, мейір-махаббатына жетер ем-шара жоқ. Сондықтан аутизмге қарсы тұру тек ғана мамандардың, дәрігерлердің ғана ісі емес, ата-аналардың көңілі қажет-ақ.

Фатима АЯЗБЕК

28 сәуір 2021 ж. 608 0