2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Балалар скринингтен өтуге міндетті ме?

Балалар скринингтен өтуге міндетті ме?

Кіші жастағы балалар психофизикалық бүлінулер скринингі, балалардағы естудің бұзылуы және патологиясын ерте анықтауға аудиологиялық скрининг түрлерінен өтеді. Мұндай тексерудің мақсаты – балалар денсаулығын уақытылы психологиялық педагогикалық түзету.

– Баланы тексеру туғаннан басталады. Перзентханада, 3 айлық, 6 айлық, 9 айлықта және 1 жаста, 1 жас 6 айда, 2 және 2 жас 6 айда, 3 жаста емхананың дені сау бала кабинетінен өтеді. Егер осы тексеру уақытында бала денсаулығынан қандай да бір кінәрат байқалса одан әрі емдеу шаралары жүргізіледі, – дейді аудандық емхананың учаскелік мейірбикесі Майра Ербосынова.
Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар жыл сайын профилактикалық тексерілуден өтіп отырады. Сәбилер өмірінің алғашқы жылында хирург-ортопед, ЛОР, невролог және офтальмологтың тексеруінен өтуі міндетті. Нақтырақ тоқталсақ, бала 2 жасында стоматолог пен офтальмологтан, 3 жасында хирург-ортапед, офтальмолог пен стоматологтан, 4-5-7 жасында стоматологтан, 6 жасында хирург-ортопед, ЛОР, стоматолог, офтальмолог, неврологтың тексеруінен, 8 жасында эндокринологтан өтіп, 18 жасқа толғанша жылына бір рет осы дәрігерлерге қаралуы керек.
19 ақпан 2019 ж. 2 050 0