№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Бала – ұрпақ, ұрпақ – елдің келешегі

Бала – ұрпақ, ұрпақ – елдің келешегі

Қазір ерекше білімді қажет ететін балаларға педагог-психологтардың түзете-дамыту жұмыстары қажет. Қазір біздің орталықта 37 бала тәлім алуда. Олармен күнделікті жұмыс барысында таным-түсінік, ой-өрісін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетіспейді. Басқа да адамдардың тәжірибесімен танысу керек деп М.Жұмабаев айтқандай, ерекше білімді қажет ететін балаларды қажет ететін балаларды өсіріп отырған ата-аналар арнайы мекемелермен үнемі байланыста болуы керек. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен, ондағы психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог мамандармен тәжірибе алмасып отыруы тиіс.
Шыны керек, мұндай балаларға білім беру үшін көбірек еңбек ету керек, психологтарға жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Әсер ету үшін психолог ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеуден негіз алады. Олар нені жақсы көреді, нені құрмет тұтады, қандай іспен айналысқанды ұнатады. Осыны зерделеп отырамыз.
Психологтар алдымен балалармен диагностикалық зерттеу жүргізіп, түзете-дамыту жұмыстарына кіріседі. Олардың оқу дағдыларындағы кемшіліктері: сабақ процесіне баяу қосылады, кейде мүлде қабылдамайды. Берілген тапсырманы психологтың көмегінсіз орындай алмайды, оқуы мен жазуы да баяу. Әріп танымайды, дыбыстар мен түстерді ажырата алмайды. Тез шаршағыш, өз ойын анық айта алмайды, тілі түсініксіз, математикалық сандарды да ажырата алмайды. Сондықтан ерекше білімді қажет ететін балаларды ерте жастан анықтап, тиісті маманға уақытында тексерту тиіс. Көбірек көңіл бөлу керек, бұл бала болашағы үшін өте тиімді тәсіл.
Сөз соңында айтарымыз, ерекше білімді қажет ететін балалар көбеймесе азаятын емес, экологияның да әсері бар. Десе де, ерте қамданған өзімізге дұрыс, оңалып кетудің тетігі осы.

Гүлжауһар ПІРІМҚҰЛОВА
---
25 ақпан 2021 ж. 519 0