Атқарушылық жазба-дауды соттан тыс реттеудің тетігі
2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы” Заңы атқарушылық жазбаларды жасау жайлы жаңа тараумен толықтырылды.
Бұл өзгерістер 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Атқарушылық құжатты кім және қандай жағдайда жасайды?
борышкерден ақшаны өндіріп алу;
өзге де жылжымалы мүлікті талап ету бойынша
нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат ұсынылған жағдайда атқарушылық жазба жасайды.
Атқарушылық жазба негізінде қандай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алуға болады?
егер Сіздің талабыңыз нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы болса;
егер борышкердің міндеттемесінің орындау мерзімі басталып, оның орындалмауын борышкер мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;
электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқа да нақты тұтынылған көрсетілген қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;
жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;
жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы.
Атқарушылық жазбаны жасаудың қандай шарттары бар?
ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушының алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растауы;
талап қою құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе атқарушылық жазба жасалады.
Атқарушылық жазба сотпен берілетін атқарушылық құжатқа теңестіріледі. Ол бойынша да өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Атқарушылық жазбамен келіспеген жағдайда борышкердің әрекеті?
Нотариустың жасаған атқарушылық жазбасымен келіспеген борышкер оның көшірмесін алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.
Алайда борышкер қарсылығында мәлімделген талаппен қандай негіздер бойынша келіспейтінін нақты көрсетуі тиіс.
Атқарушылық жазбаны беру:
Атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге табыс етілгені туралы хабарлама түскен және борышкерден жоғарыда аталған 10 жұмыс күнінде қарсылық келіп түспесе, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша сот орындаушысына орындау үшін жібереді.
Атқарушылық жазбаның күшін жою:
нотариус мәлімделген талапқа қарсылықты алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.
атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.
ал жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Егер талап қоюшы жоғарыда аталған Нотариат туралы заңда көзделген істердің осы санаты үшін белгіленген дауды соттан тыс реттеу тәртібін сақтамаса және ол тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, бұл өз кезегінде, судьяның талап қою арызды қайтаруына негіз болып табылады.
сондай-ақ талап қоюшы мен борышкер арасында оның сотқа жүгінген талабы бойынша сол нысана және сол негіздер бойынша жасалған атқарушылық жазба болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.
P.S. Қорыта айтқанда, атқарушылық жазба-бұл борышкерден берешекті өндірудің және өзге де жылжымалы мүлікті талап етудің сотқа жүгінбестен, жылдам шешілетін тиімді тәсілі.
Ендеше жоғарыда көрсетілген даусыз талаптар бойынша нотариусқа атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну арқылы бұзылған құқығыңыздың соттан тыс жылдам қалпына келтірілетінін білгеніңіз абзал.
Ендеше жоғарыда көрсетілген даусыз талаптар бойынша нотариусқа атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну арқылы бұзылған құқығыңыздың соттан тыс жылдам қалпына келтірілетінін білгеніңіз абзал.
Алия Тубекбаева