Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаскөй борышкерлер жауаптылыққа тартылды

Қаскөй борышкерлер жауаптылыққа тартылды

Сот орындаушылардың өндірісіндегі атқа­рушылық құжаттардың орындалу жағдайы зерделеніп, соңғылардың әрекетсіздігінен борыш­керлер жауаптылықты сезінбей, сал­дарынан қомақты қарыздар қалыптасқаны белгілі болды.

 Жаңақорған аудандық прокуратураның бастамасымен алимент бойынша орындалуы қиындық тудыратын атқарушылық құжаттардың толық тізімі жасақталып, орындалмаған әрбір атқарушылық құжат бойынша жеке-жеке борышкерлермен жұмыстар жүргізілуде.
Мысалы, 2016 жылдан бастап алимент бойын­ша қозғалыссыз тұрған атқару құжаты бойынша өндіріп алушының пайдасына 1,7 млн берешек қалыптасқан.
Қадағалау актісінен кейін борышкерге тиесілі тұрғын үй қарыз есебінен өндіріп алу­шының атына аударылып, қарыз сомасы толығымен жойылды.
Алимент төлеуден жалтарған 6 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап сотқа жолданды (барлығына сот қаулыларымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынды).
Бұдан өзге 20 борышкер прокуратураға шақыртылғаннан кейін жауапкершілікті сезі­ніп, берешек сомасының есебінен ішінара қаржыларын төлеп, растайтын құжаттарын ұсынды.
Алимент төлеуден жалтарған 2 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Қыл­мыстық кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әре­кеттері жүргізілуде.
Сонымен қатар, сот орындаушыларымен али­мент бойынша қарыз қалыптасқан 75 борышкерлердің жылжитын және жыл­жымайтын борышкерлердің мүлкіне, есеп­шоттарына тыйым салынса, 72 борыш­кердің Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы­на тыйым салынған.

                                                                                                                      Жаңақорған аудандық прокуратурасы
31 тамыз 2019 ж. 854 0