Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді


Жаңақорған аудандық сотында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында онлайн семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, судьялары және кеңсе меңгерушісі, аудандық прокуратура өкілі Н.Оразметов, аудандық заң консультациясының адвокаты Г.Увайдаева және жеке сот орындаушылары Н.Мейірбекова, Б.Байжанов, Е.Бақытбек, Н.Тасболатов қатысты.
Семинарда төраға Ә.Б.Түбекбаева ағымдағы жылдың шілде айында бірнеше Заңдарға атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер күшіне енгенін, аталған өзгерістерге сәйкес мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану тәртібі, сондай-ақ атқарушылық өндірістің жалпы тәртібі өзгертілгенін атап айтты.
Осыған дейін қолданыста болған заң талабына сәйкес жеке сот орындаушысының ұсынысы бойынша борышкерге іздеу жариялау мәселесін соттар қараған болса, енгізілген өзгерістерге сәйкес мұндай ұсыныстарды қарау мәселесі прокуратура органдарына берілгендігін және еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жалақы бойынша берешекті өндіру сотқа жүгінбей, еңбек инспекторының атқарушылық құжат күші бар жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқамасы негізінде жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Сонымен қатар борышкердің шетелге шығуына шектеу қоятын қарыз сомасының төменгі шегі 20 айлық есептік көрсеткіштен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтілгенін, Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылатыны белгіленгеніне тоқталды.
Шараға қатысушылар түсіндірме барысында туындаған мәселелерді талқылап, заңнамаға енгізілген аталған өзгерістер мен толықтырулар сот орындаушыларының жұмысын жетілдіріп, соттардың жұмысын оңтайландыруға бағытталғанын атап өтті.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
23 шілде 2020 ж. 635 0