№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлағатты ұстаз есімі ұлықталды

Ұлағатты ұстаз есімі ұлықталды

№110 мектеп-лицейінде өткен пәндік олимпиада білімпаздарды сынады. Тұңғыш рет математика пәнінен өткен аудандық олимпиада Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Үкібай Исаұлына арналды.
Білім бәсекесінің жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен білім саласын дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына ерекше назар аударып, Жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. Қазір біліммен бәсекелесетін уақыт. Әлемнің озық елдері адами капиталды дамыту арқылы өркениет көшін түзеді. Біз де дамудың даңғыл жолында өз жолымызды табу үшін жастарға сапалы білім беруді жолға қоюымыз керек. Үкібай Исаұлы атындағы олимпиаданың осындай жұмысымызды жүйелеуде септігі көп. Қатысушыларға сәттілік тілеймін! – деді.
Олимпиадаға аудандағы 36 мектептен 42 білімпаз қатысты. Олар математикадан 1,5 сағатта 4 тапсырманы орындады. Әр мектептің намысын қорғаған оқушылар білім таразысында үздік шығуға талпынды.
Іс-шараның жабылу салтанатына аудан әкімі Руслан Рүстемов, ауданның «Құрметті азаматы», оқу ағарту ісінің үздігі Зинабдин Шермағамбетов және марқұм Үкібай Исаұлының жары Нұрхан анамыз қатысты.
– Математика – ғылым әлемінің патшасы деуге болады. Өйткені барлық саладағы жетістік математикамен тікелей байланысты, тіпті әдебиеттің дамуына да ықпалы зор. Мәселен, Ыбырай Алтынсаринның «Өнер білім бар жұрт­тар» өлеңін алып қарасаңыздар математикамен байланысты жазылған. Ғылымда «жақсы математик – лирик болуы керек» деген ұғым бар. Лирика ол Тәңірдің тартуы, адамға берілген нұры десек болады. Бұл бақ екінің біріне беріле бермейді, мұндай қасиет, дарын Үкібай ұстаздың бойынан табылғанына бүгін куә болудамыз. Сондықтан ұрпақ бойында жаратылыстану мен гуманитарлық бағытты байланыстырып, ғылымды тереңдетіп меңгерту өте маңызды. Өйткені ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің алтын дәуірі. Бүгінгі олимпиада өскелең жастардың ертеңіне шырақ жағып, жарқын жол көрсетері ақиқат. Сондықтан, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз және ұстаз шаңырағына, апа­мызға зор денсаулық тілеймін, – деп аудан әкімі Руслан Рүстемұлы ізгі тілегін білдірді.
Одан соң ауданның білім беру саласының ардагер, Зинабдин  Шермағанбетов әріптесі, әрі за­мандасы туралы біраз ой өрбітті. Үкібай Исаұлының іскерлік қа­рым-қабылеті мен азаматтық болмыс-бітімін, ұстаздық жолын­дағы өнегелі істерін сөз етті. Сондай-ақ, Үкібай Иса­ұлының жұбайы Нұрхан Әуелбекова отағасы туралы шерін тарқатып, көпшілікке ризалығын білдірді.
Пәндік олимпиаданы қашық­тықтан бақылап отырған академик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұма­ділдаев «ZOOM» бейне-конференция арқылы байланысып, пікір бөлісті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университетінің механика-математика факультетінің деканы, доктор, профессор Дәурен Жәкеба­ев та жылы лебізін білдірді.
Олимпиада қорытындысы бойын­ша 3-ші орынды №52 Б.Аралбаев атындағы мектептің оқушысы Ерасыл Абсаттар мен №195 мектеп-гимназияның оқушысы Айбек Асхатбекұлы еншіледі. Екінші орынға №160 мектеп оқушысы Әділет Жүсіпбек пен №169 Н.Илялетдинов атындағы мектептің оқушысы Інжу Сұңқарқызы лайық болды. Ал 42 оқушының арасынан №56 мектептің оқушысы Ақерке Жұмаділла үздік шықты.
– Бүгінгі сын мен үшін ауыр болды деуге келмейді, тек дайындығым аздау болып қалды. Олимпиада 1-кезеңнен тұрды, берілген барлық есепті шығара алдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, болашақта өзім де математика пәнінің мұғалімі болуды армандаймын. Бүгінгі бағытым соның бастауы деп білемін, ұстаздарыма үлкен алғыс білдіремін, – деді жарыс жеңімпазы.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
31 наурыз 2021 ж. 680 0