№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлттық тұғырымызды табу – ұлтымызды тану

Ұлттық тұғырымызды табу – ұлтымызды тану


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мәні мен мазмұнын студент жастармен талқылап жүрміз. Сондай келелі кездесу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті.


Болашақта ұлттың табысты бо­луы оның табиғи байлығымен емес, адам­дарының бәсекеге қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақс­тандық ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы тиіс. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты қабілет-қасиетін шыңдау маңызды.
Бағдарламада айтылғандай, жүйелі жоспар құруды үйреніп, ысырап­шылдық пен астамшылыққа жол бермеуіміз керек-ақ. Студенттерге қазір­гі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, қанағатшыл­дық пен қарапайымдылық, үнемшілдік көргенділіктің маңызы үлкен деп түсіндіріп келеміз.
Ұлттық бірегейлікті мәңгі етуде ұлттық код пен мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды. Өркен­деу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұста­рынан бас тарту керек. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Кез-келген білімді жас өмір талабына сай мамандықты өзгертіп, нарықтық эконимкага бейімделе алу керек. Ең басты капитал білім екендігін түсініп қана қоймай, оны үнемі жетілдіріп отыру керек.
Сондай-ақ биология факультетінде білім алатын студент жастар латын әліпбиіне көшудің рухани қажеттілігін айтып, өздерінің көзқарасын ашық білдірді. Яғни латын әліпбиіне көшу арқылы әлемдік ғылымға енуде, ақпарат алмасуда жеңілдіктер болатынын тілге тиек етті.
Кездесуге қатысқан барлық куратор-эдвайзерлер осындай топ арасында талқылаулар өткізіп тұрса, елін-жерін ойлайтын, патриот жастар көбейер еді. Қазіргі елімізде болып жатқан карантиндік жағдайға байланысты білім ғана бізді дамыған елдердің қатарына қосатынын, цифрлық-техникалық дең­гейіміздің қандай екенін қашықтықтан оқыған кезде түсіне бастадық. Ел мен елді, жер мен жерді байланыстыратын цифрлық экономикамызды дамыту керек екенін түсіндік, білім барлық жерден алып шығатынына көз жеткіздік.

Жанар ЧУНЕТОВА, б.ғ.к., доцент,
Назгүл АЛТЫБАЕВА, б.ғ.к.
13 желтоқсан 2020 ж. 402 0